"Ит пен мысық етін қуырып үйренгенбіз": Саша Барон тағы Борат кейпінде сұхбат беріп, қазақстандықтарды ашуландырды
Саша Барон Коэн шетелдік журналист Джимми Фэллонның шоуына Борат кейпінде келіп, қазақстандықтарды тағы ашуландырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Коэн Борат образына кіріп, Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп әзілдеді. Ол анайы әзілдеп, қазақтар ит пен мысық етін қуырып үйренгенін айтты.
Сонымен қатар ол АҚШ вице-президенті Камала Харриске “еврейге тұрмысқа шыққан қара нәсілді әйел” болғандықтан, Қазақстанға келмеуі керек деді. Сөзінше, бұл елде қиындықтар тудыруы және оны осы үшін ұрып кетуі мүмкін.
Қазақстандықтар мұндай әзілдерді орынсыз және өз елін қорлау деп санады.
Борат – бұрыннан даулы тұлға. 2006 жылы фильм шыққаннан бастап шетелдіктердің Қазақстан туралы ойын өзгертті. Қазақстандықтар бұған өз наразылықтарын бірнеше рет білдірді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"