Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағаштық зейнеткер 22 миллион теңге ұтты

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының зейнет жасындағы тұрғындары "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясынан 22 миллион теңге ұтып алды. Жеңімпаздар ұтысқа ұлдарына көлік сыйлап, сол көлікпен қонаққа баруды жоспарлап отыр.

Сарыағаштық зейнет жасындағы азамат Кеңес одағы ыдырамай тұрып, лотереяға қатысуды бастағанын айтады. Кейінгі жылдары "Сәтті Жұлдыз" лотереясында бағын сынап келген. Осы кезге дейін 60-150 мың аралығында кішігірім ұтыстары болған. Бірақ сонау жас кезінен қатыса бастаған лотерея зейнетке шыққанда үлкен ұтыс әкеледі дегенге сенбеген.

"Ірі ұтысқа ие болғанымды алғаш білгенде сене алмадым. Бірінші балама айтып, "тексеріп көрші" дедім. Ол тексеріп, "бәрі дұрыс екенін", менің ұтқанымды айтты. Қобалжығаным соншалық түнімен ұйықтамай, үйге кіріп-шығып, бір орында отыра алмадым", - дейді жеңімпаз.

Ол әрдайым жолда жүргенде кейде Тараздан, кейде Шымкенттен билет алатынын айтады. Бірақ ең көп билетті көрші Абай ауылындағы кішігірім дүкеннен алған. Сол дүкеннен алған билеті оған 22 319 100 теңге табыс түсірген.

Жеңімпаз өз табысын жұбайының атына рәсімдеуді жөн көрген. Алайда оның жары ұтысқа сенбегені соншалық, "шын болса, атымды өзгертем" деп жауап берген.

"Маған балам келіп айтты. Мен мүлдем сенбедім. Қаншама жылдан бері қатысып келе жатып, азғантай ұтысқа қол жеткізгені болмаса, үлкен сый ұтып көрген емес. Сондықтан "егер ұтқаны шын болса, атымды өзгертем" деп айттым. Қазір балам сөз арасында әзілдеп, "атыңызды қашан өзгертесіз" деп сұрайды", - дейді жеңімпаздың жары.

Оның айтуынша, отағасы осы кезге дейін ұтысқа қатысқанда бірнеше рет кішігірім сыйлықтар алған.

"Өзіміз таңдап, белгілеп жатсақ, ұтыс шықпайды. Бір-екі рет немерелерімізге таңдатып көргенде, 60 мың, 150  мың ұтқан", - дейді жеңімпаздың жары.

Жеңімпаз өз табыстары туралы әзірге ешкімге айтпауды жөн көрген. Алдымен жоспарларын орындап, содан кейін бәрін хабарлауға ниетті.

"Жоспар бойынша баламызға жаңа көлік мінгізсек дейміз. Сол көлікпен бізді қыдыртып жүрсе деген, арманымыз бар. Жер үйімізді кеңейтіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, содан кейін ағайынның басын қосып, сол жерде қуанышпен бөлісеміз", - дейді жеңімпаздар.

Отағасы осы кезге дейін өзінің ұтатынына сеніп келген. Ал оның жары әдеттегідей, лотереяға күмәнмен қараған. Бірақ енді өзінің күмәні толықтай сейілгенін айтады.

"Лотереяға қатысып жүрген адамдарға біздің жолымызды берсін!" - деді жеңімпаздар.

Жеңімпаздардың бұл тілегі алдағы жексенбі, 12 қарашада қабыл болуы мүмкін. Себебі осы демалыста TeleBingo қатысушылары арасында "Пәтер" ойнатылады. Sz.kz сайтынан осы ұтысқа билет алып, бақ сынап көруге мүмкіндік бар. Одан бөлек ондағы SuperBingo көлемі қазірдің өзінде  387 659 146 теңгені құрайды. Әр билет жетістікке жету мүмкіндігін сыйлайды.

Талқылау