Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарыағаш тұрғыны телефон соққан белгісіз адамға 500 мың теңге аудара салған

Сарыағаштық әйел танымайтын адамның есепшотына жарты миллион теңге аудара салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандық полиция бөліміне хабарласқан әйел алаяққа қалай алданғанын айтып берді. Оның айтуынша, белгісіз біреу қоңырау шалып, "Сіз пәтер ұтып алдыңыз, соны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз" деп айтқан. Содан ол танымайтын адамның есепшотына 500 000 теңге аударды. Осыдан кейін алаяқ әйел телефон көтермей қойды. Сол кезде Сарыағаш тұрғыны алданып қалғанын түсінген.

Қазіргі кезде Қылмыстық Кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті ұсталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Сол жақтан хабарласып, алдап кеткен. Ақшасын да жұмсап үлгерді.

Тәртіп сақшылары оны Түркістан облысына жеткізді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Ұсталған әйелдің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

 

Талқылау