Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сары" аймақ: Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша жағдай тағы нашарлады

Нұр-Сұлтан тағы да коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтар қатарына кірді. Мегаполис "жасыл" аймақта небәрі бес күн - 24-29 қараша аралығында болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы сайтының мәліметінше, 30 қарашада Нұр-Сұлтан COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймаққа қайта түсті. Бұған дейін қала 11-24 қараша аралығында болған еді.

Сонымен қатар, Алматы да "сары" аймаққа кірді. Ақмола, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта қалды. Қалған өңірлер - "жасыл" аймақта.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой егер өңірлер коронавирустың таралу қарқыны бойынша бір аймақтан екіншісіне ауысса, онда шектеулер тағы 14 күнге созылады деп мәлімдеген еді.

Ал 11 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қазіргі уақытта шектеу шараларын жеңілдету мәселесі қарастырылмайтынын хабарлады.

Талқылау