Сарғылт жилет киген біреулер оқ жаудырған: Шымкенттік бизнесменнің қалай қаза тапқаны белгілі болды
19 шілде күні қаза тапқан кәсіпкердің өлімі жайында жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бизнесмен Lexus көлігіне мініп, үйінің ауласынан шығып бара жатқан. Дәл сол мезетте коммуналды қызметкерлердің сарғылт жилетін киген белгісіз біреулер оған оқ жаудыра бастаған.
Алынған жарақаттардың салдарынан 55 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Қылмыс орын алған жерге жедел-тергеу тобы, кинологтар келді. Тергеу жұмысының мақсатында оқиғаның өзге жайттары айтылған жоқ.
"Қазір Шымкент қаласының полиция департаменті қылмыскерді қолға түсіру үшін жергілікті тұрғынның өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", — дейді Шымкенттегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Саденова.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкентте кәсіпкердің жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"