"Сарбаздар өліп жатыр ма, не айтып тұрсыз?": Қорғаныс министрінің сөзі депутаттың ашуын туғызды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
20 қарашада Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Сенат кулуарында журналисттер әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойғанда күліп, оларды әжуалап, дұрыс жауап бермегені әлі күнге дейін көпшіліктің ашуын туғызып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер министрден "Әскердегі өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары туралы білесіз бе?" деп сұрады. Ол: "Не дейсіз? Әскерилер? Не айтып тұрсыз?" деп жауап берді.
AMANAT фракциясының депутаты Елнұр Бейсенбаев та кейбір мемлекеттік қызметкерлердің өзіндік сөз саптауына наразылық білдірді. Депутаттың пікірінше, ел үкіметі әлі адамдармен конструктивті диалогқа дайын емес.
Ол кейбір шенеуніктердің сөздері мемге айналғанын айтты. Мысалы, Сауда вице-министрі тұрғындарға жаңа жылдық дастархан бағасын талқылағанда "қалта мен ниетке" сүйенуді ұсынған еді.
"Шенеуніктердің этикаға жат және ойланбастан айтылған сөздері нағыз мемге айналған. Қорғаныс министрінің әскердегі суицидке қатысты жауабы қарапайым адамгершілік шегінен шығып кетті, онда жанашырлық жоқ. Қазіргі уақытта ауылдық аймақтардың тұрғындары әскердегі әлімжеттік пен суицид жағдайларына алаңдаулы. Біздің партияға және депутаттарға көптеген өтініштер мен шағымдар келіп түседі", - деді Елнұр Бейсенбаев.
Депутаттың айтуынша, соңғы үш жарым жылда Қазақстанның әскери қызмет жүйесінде 281 адам қаза тапқан.
Айта кететйік, бұған дейін Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жібергені туралы жазған едік.
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді