Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар ең сенімді 10 автокөлікті атады

ISeeCars порталының сарапшылары автокөлік нарығын зерттеп, 320 мыңнан астам шақырымда жүре алатын ең төзімді көліктерді атады. Сарапшылар 1981 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде шығарылған 13,5 миллионнан астам көлікті сынаған.

Сарапшылар ең сенімді 10 автокөлікті атады

Рейтингте жетекші орынды жол талғамайтын көлік иеленді. Осылайша, бірінші орын Toyota Sequoia-ға берілді. Бұл маркалы көліктің 6,6% -ы 320 мың шақырымды бағындыра алады. Ал екінші орын 5,4% көрсеткішпен Ford Expedition-ға берілді. Бұл туралы Life-ға сілтеп,  Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Рейтин бойынша үшінші орында 5,2%-бен Chevrolet Suburban иеленді. Төртінші және бесінші орындар Toyota 4Runner (4,2%) және GMC Yukon XL (3,9%) үлгілеріне берілді.

Сондай-ақ, Chevrolet Tahoe, GMC Yukon, Toyota Tacoma және Toyota Avalon секілді көліктер ең сенімді автокөліктердің тізімінде. Ал ең шыдамды көліктердің тізімнің Honda Odyssey минивэн бекітеді.

Айта кетейік, бұған дейін «Life» сарапшылары 2003-2008 жылдары ең танымал және сенімді көліктерді атаған болатын.

Оқи отырыңыз:

2018 жылдың соңында бүктелетін смартфондар сәнге айналмақ

Миллиардер ауылдастарына 258 вилла салып берді: Сараңдықтың кесірінен барлық үйлер бос тұр

Әлемдегі ең үлкен қолтырауын өзінің тұқымдасын өлтіріп, оның құйрығын жеп қойды

Ресей үшін «қара дүйсенбі»: Санкцияларға байланысты рубль мен қор биржалары құлдырады

Талқылау