Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 пайыздық жаңа тұрғын үй бағдарламасы пәтер құнына әсер ете ме

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша «7-20-25» жаңа тұрғын үй бағдарламасы ипотекалық несиелендіру бағдарламаларының, құрылыс материалдары мен оны өндіру жұмыстарының дамуына серпін береді екен. Алайда, кейбір сарапшылар тұрғын үйге деген сұраныстан оның бағасы да айтарлықтай өседі дейді.  Бұл туралы КТК хабарлады.

«Менің ойымша, Елбасымыздың тұрғын үймен қамтамыз ету туралы бастамасы еліміздегі ең басты мәлелелерді шешеді болады. Өкінішке орай, қазақстандық банктер тұрғын үй алу үшін қол жетімді несиелермен қамтамасыз ете алмайды. Президенттің 5 бастамасының екеуі микрокредиттер мен ипотекалық қаржыландырудың қолжетімділігіне қатысты болды. Бұдан басқа, бізде тұрғын үй алуға арналған 2 мемлекеттік бағдарлама бар. Ең алдымен, мемлекет кепілдік мөлшерін 10% -ға дейін субсидиялайтын «Нұрлы жер» бағдарламасы. Сондай-ақ ипотекалық несие портфелінің 42% -ын қамтамасыз ететін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі. Өткен жылы қыркүйекте еліміздегі барлық 75 пайыз ипотеканы осы банк арқылы рәсімдеген. Президент жаңа бағдарламада ипотекалық несиелерді сатып алу үшін мамандандырылған компания құрып оларға 1 триллион теңге бөлу керек деген. Ең алдымен 1 триллион дегеніміз өте көп ақша. Одан кейінгі мәселе, екінші деңгейдегі Ұлттық банктің ақша-несие саясатының ерекшелігіне байланысты. Ағымдағы жылдың ақпан айындағы мәлімет бойынша ақша өтімділігі 4,4 триллион теңгені құрайды. Керісінше, Ұлттық банкке 25 жылға 7 пайызбен несие беру тиімді емес. Сондықтан бұл жобаны іске асыру үшін басқа бюджет көзі немесе Ұлттық қор айналысуы керек»,- дейді  «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, инвестиция және даму жөніндегі бұрынғы вице-министр Рахым Ошақбаев.

Сондай-ақ сарапшының айтуынша тұрғын үйге деген сұраныс оның бағасына да тиісінше әсер етеді екен. Ол сұраныс өскен сайын бағаның да жоғарылауы қалыпты жағдай дейді. Соңғы үш жылда еліміздегі инфляция айтарлықтай жоғары болғандықтан, Қазақстанда тұрғын үйдің орташа бағасы 18%-ға ғана өскен. Қыркүйек айындағы деректер бойынша, елімізде бір шаршы метрі 254 000 теңгені құрайтын пәтерлер бар екен.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша әкімдіктер салған тұрғын үй Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін ең жоғарғы баға 180 000 теңге болса, басқа аймақтар үшін 140 мың теңге болады екен.

Жіберіп алмаңыз:

Орыс жігіті: Еркектер өзіміз пәкпіз бе, айналаңдағылар лас қазақ қыздары болса, қай жерде жүрсің, кет ол жерден (видео)

Қостанайда дүкен тонаған ер адам полицияға өзі келіп ұсталды

Шымкент тұрғыны үш полицейдің өзін ұрып-соғып ауруханадан бір-ақ шығарғанын айтты

Балабақшадағы қызық оқиға: Ең асыл адам – Нұрсұлтан Назарбаев

Талқылау