Сарапшылар: Қазақстандықтар орташа жалақыға бір шаршы метр баспана да сатып ала алмайды
"Атамекен" ҰКП талдау қызметі ипотекалық несие нарығындағы жағдайды сараптап, қарапайым қазақстандықтың орташа жалақыға жаңа ғимаратта небәрі 0,76 шаршы метрді ғана ала алады деген қорытындыға келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ұлттық банктің мәліметінше, жыл басынан бері ипотекалық несиелендіру 1 трлн теңгеге дерлік немесе 28,6%-ға өсіп, 4,2 трлн теңгені құрады. Ипотекалық несиелендірудің айтарлықтай артуы ағымдағы жылдың 9 айында тұрғын үй жылжымайтын мүліктің, оның ішінде бастапқы тұрғын үй 10,5%-ға, қайталама тұрғын үй 16,1%-ға және жалға берілетін тұрғын үй құнының 35,8%-ға өсуі есебінен болды", - дейді талдаушылар.
- "Үймен қоса сиыр, 10 бас қой беремін": Ақтөбе облысының тұрғыны жұртшылықты ауылына көшіп келуге шақырды
- "7 млн ақша салдық": Атырау облысында кооперативке ақша салған салымшылар екі жылдан бері баспанасын ала алмаған
Сонымен қатар, сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар орташа бір жалақыға әлі күнге дейін бір шаршы метр баспана сатып ала алмайды, ал орташа жалақы мөлшері қыркүйекте 322,9 мың теңгені құрағанын айта кетейік. Қарапайым қазақстандық орташа жалақыға жаңа ғимаратта небәрі 0,76 шаршы метрді немесе қайталама нарықта 0,68 шаршы метрді ғана ала алуға шамасы келеді.
"Жалдау нарығы да қазақстандықтар үшін қол жетімді емес. Егер жыл басында қазақстандықтың орташа жалақысына 83 шаршы метр тұрғын үй алуға мүмкіндік болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 70 шаршы метрге дейін түскен", - деп қосты сарапшылар.