Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар қазақстандықтар көбіне қай айда шаңырақ көтеретінін анықтады

Фото: Pexels.com

Ұлттық статистикалық бюро қазақстандықтардың қай айларда неке қиюды жиі таңдайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2015-2024 жылдардағы мәліметке сәйкес, үйлену тойларының көбі дәстүрлі түрде жаздың соңғы айында өтеді. Тамыз айында орта есеппен он жыл ішінде 14,9 мыңға жуық неке тіркелсе, 2016 жылы рекордты көрсеткіш болған. 2016 жылдың тамызында 17 мыңға жуық неке қиылды.

Шілде, тамыз, қыркүйек айының басы да жиі той өтетін айлардың үздік үштігінде. Десе де соңғы жылдары жастар қыркүйекке қарағанда маусымда көбірек үйленеді. 2024 жылы жас жұбайлар күзді күтпей, маусым айында 11,6 мың той жасаса, қыркүйекте небәрі 10,8 мың той жасаған.


"Әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады": Әділет министрлігі отбасы қарым-қатынасындағы дағдарыс туралы


"2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз неке саны бойынша ең белсенді үш ай болды", – деп атап өтті сарапшылар.

Ал қаңтар соңғы 10 жылдың есебінде тұрақты түрде жыл сайын соңғы орында болған. Мамыр айы да неке саны аз болған айлардың қатарында.

Жалпы, статистика елімізде неке саны азайып, ажырасу көбейіп бара жатқанын көрсетеді.

DATA HUB сарапшыларының бағалауынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында шамамен 22,5 мың неке қиылған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% аз. Бұл – 2020 жылдың көктемін есептемегенде 2014 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Қырмызы Скендирова
Жексенбі, 29 Маусым, 2025 16:00
Талқылау