Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарламалар сұранысқа әсер етеді: Сарапшылар Қазақстанда тұрғын үй бағасының өзгеретінін болжады

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы бір жылда 3% өсті, бірақ қайталама нарықта пәтерлерді қайта сату, керісінше, 3,3% төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жарты жылда елдегі қайталама нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасы төмендеді.

2023 жылы баға құбылмалы болған. Бастапқыда баға өсіпті. Мамыр айына дейін Қазақстан өңірлеріндегі үйдің құны 2021 жылғы бағаның қалды. Бірақ мамырдың аяғынан маусымның басына дейін күрт төмендеу байқалды. Үш айдың ішінде үйдер 25 пайыз арзандады. Мәселен, қайталама нарықта екі бөлмелі пәтерлер 13-15 миллион теңге болса, қыркүйек-қазан айларында оның құны 3-4 миллион теңгеге төмендеген. Биыл сарапшылар бағаның өсуін болжайды, бірақ инфляция аясында ғана.

“Жылжымайтын мүлік, кез келген өнім сияқты, қазіргі инфляция аясында шынымен де қымбаттайды. Құрылыс материалдарының инфляциясына сәйкес жаңа пәтерлер қымбаттайды және оның артынан қайталама нарықтағылардың да бағасы өседі. Бірақ аса үлкен өзгерістер болмайды,”, – деді Қазақстан риэлторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығының президенті Александр Пак.

Бағаның көтерілуі құрылыс материалдарына да байланысты, дейді мамандар. Қазақстанда үй салу қымбат. Бір жыл ішінде қажетті материалдардың құны 6% өсті. Қиыршық тас, құм, саз, минералды өнімдер және тағы басқалардың бағасы 7%-дан астам өсті. Бірақ кейбір қаңылтыр шыны, бояулар мен лактар, суық тартылған сым және паркет сынды құрылыс материалдары, керісінше, арзандаған екен.

Аймақтар бойынша бағаның өзгеру динамикасын қарастырсақ, елордада, Шымкент, Павлодар, Ұлытау және Жетісу облыстарында үй салуға кететін ақша сомасы көбейді. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, бастапқы нарықтағы баспана Ақтөбе мен Қызылордада баға өсімі бойынша көш бастады, яғни 9% және 7%-дан астам қымбаттады. Қайталама нарыққа келсек, бағаның өсуі Талдықорған мен Атырауда байқалды. Жалға берілетін тұрғын үй нарығында баға Жезқазған, Қарағанды ​​және Атырауда 20% өсті.

Биыл қаңтар-ақпан айларында елімізде жаңа тұрғын үй бағасы 0,4%, қайталама тұрғын үй бағасы 1,7% өсті. Бірақ жайлы тұрғын үйді жалға алу ақпан айында қаңтармен салыстырғанда 1%-дан астамға төмендеді. Сарапшылар Алматыда баспана бағасы өседі деп болжап отыр. Сонымен қатар мемлекет бастамашы болатын ипотекалық бағдарламалар сұранысқа оң әсер ететіні сөзсіз деп есептейді. 

Талқылау