Сарапшылар Иран АҚШ пен Израильдің шабуылдарынан кейін ядролық қаруға ие болуы мүмкін деп ескертті

Сарапшылар америкалық-израильдік соққылардан кейін Иранның ядролық қару жасауға ұмтылысы күшеюі ықтимал деп болжам жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олар елдегі режим өте тұрақты деп санайды. Егер ол билікте сақталып қалса, онда ядролық қару жасауға деген шешімі бұрынғыдан да нығаюы мүмкін.
“Егер соққылар режимнің құлауына әкелмесе, Иранда осындай бағдарламаны қайта жандандыра алатын мыңдаған маман қалады”, – деді жаһандық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Джеффри Льюис.
Оның айтуынша, бұл технология ондаған жылдар бойы бар, ал кек алуға ұмтылған Иран, бәлкім, Солтүстік Корея сияқты қорытындыға келуі мүмкін, яғни АҚШ-пен бейбіт өмір сүру қауіпті, сондықтан ядролық қаруға ие болған дұрыс.
Сенбі күні таңертең әуе шабуылдары кезінде қаза тапқан Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи бұған дейін ядролық бомба жасауға қарсы фетва – діни үкім шығарған еді. Теориялық тұрғыдан бұл оның мұндай қаруға қарсы екенін білдірген. Алайда бұл ұстанымның сенімділігі мен шынайылығы жиі күмән тудырған. Сонымен қатар келесі буындағы билік бұл тыйымнан толықтай бас тартуы мүмкін деген ескерту де айтылған.
"Келесі соққы ауыр болады": Трамп Иранды ядролық келісімге келуге шақырды
Трамп ядролық келіссөздер еш нәтиже бермеген соң Иранға әскери соққы жасауды жоспарлап отыр
Қару-жарақты бақылау қауымдастығының таратпау саясаты жөніндегі директоры Келси Дэвенпорттың сөзінше, Иранның ядролық қаруға ие болу қаупі режим сақталса да, құласа да артуы мүмкін.
Исфахандағы Иранның ядролық нысаны, онда байытылған уранның негізгі бөлігі сақталады деп болжанады.
Ол Guardian газетіне берген сұхбатында қазіргі биліктің қалдықтары “бұл қақтығыс қалай аяқталса да, оның басталу тәсіліне байланысты Иранды ядролық қару жасауға итермелеуі мүмкін” екенін айтты. Дэвенпорт егер режим құлап кетсе, ядролық материалдардың ұрлануы немесе бақылаудан шығып кету қаупі бар деп отыр. Бұл өз кезегінде АҚШ-қа сол материалдарды қорғау үшін әскер енгізу туралы қысымды күшейтуі мүмкін.
“Трамптың режимді өзгерту мақсатына байланысты ядролық терроризм қаупі де бар. Меніңше, әкімшілік бұл қауіпті толық мойындап отырған жоқ”, – деді ол.
Қазір соғысты бастауға берілген негізгі уәждердің бірі – Иранның ядролық бомба жасауына жол бермеу.
Бастапқыда Израиль де, АҚШ та Иранда билік ауысуын қалайтынын айтқан. Алайда кейінгі күндері америкалық саясаткерлер ядролық қару мәселесіне көбірек назар аудара бастады. Соңғы шабуылдарға дейін АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф Иран “өнеркәсіптік деңгейде бомба жасауға қажетті материалдарды алуға бір қадам ғана қалды” деп мәлімдеген. Бірақ бұл сөзді растайтын нақты дәлелдер ұсынылмаған.
Халықаралық атом энергиясы агенттігі былтыр маусымда АҚШ “Түн ортасындағы балға” операциясы кезінде Иранның ядролық нысандарына соққы бергенге дейін елде шамамен 60% дейін байытылған 440 келі уран болған деп бағалады. Егер ол уран 90% дейін қосымша байытылса, шамамен он ядролық бомба жасауға жеткілікті болар еді.
АҚШ соққыларынан кейін бұл уранның нақты қайда кеткені белгісіз. МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси осы аптада агенттік қорлардың нақты жағдайы туралы 1үздіксіз бақылаудан айырылғанын1 айтты. Дегенмен оның пікірінше, уранның басым бөлігі Исфахандағы зауытта сақталған болуы мүмкін.
Гроссидің айтуынша, қазіргі қақтығыс бұл аса қауіпті қорды бақылауды одан әрі қиындатады.
Бейсенбі күні Тегеранда Израильдің кезекті әуе шабуылдарынан кейін түтін көтерілді.
Осы аптада Ұлыбританиядағы консерваторлар көшбасшысы Кеми Баденох та Иранның ядролық қаруға ұмтылуын соғысты қолдайтын дәлел ретінде келтірді.
Ол “2026 жылғы Иран – 2003 жылғы Ирак емес” деп мәлімдеп, егер мүмкіндік берілсе, Ислам Республикасы Ұлыбританияға қарсы ядролық қару қолдануы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар Израиль мен Иран түн ішінде бір-біріне соққы жасауды жалғастырды. Тегеранда үкіметтік және әскери нысандарға тағы да қатты бомбалау жасалды. Ал Таяу Шығыстан ұлыбританиялықтарды эвакуациялау үшін Ұлыбритания үкіметі жалдаған алғашқы ұшақ техникалық ақауға байланысты ұша алмады. Салдарынан жолаушылар ұшақтан түсіріліп, Оманның Маскат қаласындағы қонақүйлерге қайта жіберілді.
Жағдайдың мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар ядролық жарылыстан кейін бункерде қанша уақыт өткізуге болатынын анықтағаны хабарланған еді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген