Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшылар 2023 жылы лайықты бағаланбаған смартфондар тізімін жасады

Android Authority журналистері 2023 жылы лайықты бағаланбай қалған смартфондар тізімін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет арнайы саттан алынған

Арнайы сайтта 2023 жылы шыққан кейбір сапалы құрылғылардың көптеген пайдаланушылардың назарынан тыс қалғаны жазылған. Сарапшылар бірінші ASUS Zenfone 10 телефонын атап өтті. Айтуларынша, оның 5,9 дюймдік дисплейі мен қуатты процессоры жоғары бағалануы тиіс.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі смартфондарға қойылатын барлық талаптарға сай келетін Honor Magic 5 Pro-ға да ерекше назар аударылды. Авторлар Lenovo ThinkPhone телефонын да атап өтті. Ол, әсіресе, қаржылай қымбат құрылғыларды қалтасы көтермейтіндерге таптырмас смартфон әрі керемет сипаттамаларға ие.

Тұтынушылар осы жылы байқап, мән бере қоймаған құрылғылардың ішінде Motorola Edge Plus те бар. Телефон 512 гигабайт ішкі жадымен ерекшеленеді. Ал бағасы 799 доллар (364 мың теңгеден астам). Сондай-ақ тізімде артқы жарығы бар смартфон, Nothing Phone 2 және кәсіби камерасы бар флагмандық Sony Xperia 1 V бар.

Бұған дейін Lenta.ru басылымы 2023 жылдың үздік смартфондарын атаған еді. Ол тізімде: Xiaomi Redmi 12C, Realme C51, Infinix Note 30, Xiaomi Redmi Note 12S, Samsung Galaxy A54, OnePlus Nord 3, Huawei P60 және басқа да құрылғылар бар.

Гүлсезім Мұхатай
Сәрсенбі, 20 Желтоқсан, 2023 15:00
Талқылау