Жанармай құю бекеттерінде бензиннің толық құйылмағандығын қалай ажыратуға болады? Сарапшы кеңесі

Ресейлік Goldman Group холдингінің атқарушы директоры, сарапшы Дмитрий Гелемурзин жанармай құю бекеттеріндегі бензиннің толық құйылмағандығын қалай ажыратуға болатындығы жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

заправка

Сарапшының сөзінше, жүргізушілер кассаға барып, жанармай үшін ақша төлеп жатқан кезде арам қызметкерлер бензиннің екі литрден астамын толық құймай, алып қалуы мүмкін екен. 

"Осындай жайттарға бой алдырмас үшін тек сенімді жанармай тасымалдаушы жүйелерінің бекеттерінен бензин құйған дұрыс. Десек те олардың кейбіреулері де арамдыққа жол береуі мүмкін. Мысалы, бекеттерде бензин шлангысын бұрап, ақпаратты өтірік көрсететін есептеуіш құралын орнатып қояды. Ең сорақысы, олар әдейі осындай құрылғы орнатады. Осылайша жүргізушілердің 2-3 литрге дейін бензині желініп, тұтынушылар алданып қалып жатады", - дейді сарапшы.

Ресейлік маман жанармай құю бекеттерінің қызметкерлері де алдауға бейім келетіндіктерін ескертті.

"Сіз бекеттегі дүкеннен тауар сатып алып жүргеніңізде қызметкерлер бензинді ұстап қалады. Сол үшін олардың іс-қимылдарын жіті қадағалап тұру қажет. Кей кездері қызметкерлер өздерінің өтірігін жасаған әрекеттерімен әшкерелеп қояды", - деп қосты ол. 

Гелемурзин автокөлігіңіздің техникалық ерекшеліктері мен бензин багының көлемін біліп алған дұрыс дейді. 

"Темір тұлпар құрастыратын ұйымдар жанармай багының көлемін нұсқаулыққа азайтып жазады. Бұл жағдай көлікке толтырып бензин құйылуының алдын алу үшін қажет. Еуропалық көлік өндірушілер бензин багын 25%-ға, жапондықтар - 10%-ға, ал ресейліктер 10%-ға кішірейтіп жазады", - деді Гелемурзин. 

Сонымен қатар сарапшы көлік құрастырушылар бактың ішінде "резервтік орын" жасайтынын атап өтті. Бұл жағдай жүргізушілердің арнайы бензиннің аздығын көрсететін белгі жанғаннан кейін бірнеше шақырым жол жүріп, жанармай бекетіне жетіп алу үшін маңызды дүние екен. 

"Егер сіз жанармай таба алмай қаламын деп қорықсаңыз, көлігіңізге толтырып бензин құйып алғаныңыз жөн. Ал егер жанармай бекеттері көп қалада жүрсеңіз, арнайы көрсетілген межеге дейін бензин құйған дұрыс", - дейді маман. 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр