Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы WhatsApp желісінде қандай хабарламаларды ашуға болмайтынын айтты

Киберқауіпсіздік институтының сарапшысы Шамиль Магомедов мессенджерлерде, атап айтқанда WhatsApp-та қандай хабарламаларды ашуға болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 1prime порталына сілтеме жасап. 

Ең үлкен қауіп – GIF анимациялары, сілтемелері мен мәтіндік файлдары бар бейтаныс нөмірлерлерден келетін хабарламалар, дейді ол. 

"Осындай әлеуметтік инженерия әдістерінің көмегімен хакерлер смартфонға зиянды бағдарламаны “орнатып", құпия ақпаратқа қол жеткізе алады", - дейді маман.

Бейтаныс нөмірден келген хабарламаны алдын-ала қарау кезінде оның құрамында осындай мазмұн бар екенін көрсеңіз, Магомедов хабарламаны ашпай-ақ жоюға кеңес береді. 

Сондай-ақ, ол белгілі бір әрекетті орындауға шақыратын немесе қызықты тіркестері бар хабарламаларға сенбеуге шақырды. Мысалы, "сайтқа өтіңіз", "жүлдені ұтып алыңыз", "қызық фото тауып алдым" және т.б.

"Егер сіз шынымен де елеулі, алаяқтықтыққа қатысы жоқ акцияның жеңімпазы болсаңыз, ұйымдастырушылар сізбен басқа жолмен байланысудың жолын табады", – дейді сарапшы.

Сондай-ақ қылмыскерлерді ықтимал жәбірленушімен байланыстырудың әлі де танымал тәсілі – SMS хабарламалар. Көбінесе егде жастағы адамдар мұндай қулықтарға сеніп қалады. 

"Егер SMS жалпыланған info, Information, Site және т.б. атауымен келетін болса, онда мұндай хабарламаларды ашпай, тіпті ішіндегі сілтемелерге өтпей-ақ жойған дұрыс", - деп ескертеді маман.

Хакерлік шабуылдың ықтималдығын азайту үшін смартфонды антивирустық қосымшаның көмегімен үнемі сканерлеуді ұмытпаңыз. Өзіңіз дұрыс білмейтін қолданбаларды орнатпаңыз.

“Балаларға және қарт туыстарына “цифрлық гигиена ережелерін” түсіндіріңіз және күдікті хабарламалар келетін бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды ұмытпаңыз”, деп түйіндеді маман. 

Талқылау