Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Қытайда автобуста кетіп бара жатқан жолаушының өмірін қиған хантавирус жайлы ресейлік маман түініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауру

Биология ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің вирусология кафедра зертханасының меңгерушісі Николай Никитин хантавирустың адамнан адамға жаппай жұқпайтынын және оның негізгі таратушылары кеміргіштер екендігін алға тартты. 

Еске салайық, бұған дейін Қытайда таралған жаңа аурудан бір адамның көз жұмғандығы жайлы айтылған еді. Ол жұмысқа бара жатқан автобуста бақилық болыпты, сол себепті көз жұмған азаматпен бірге кетіп бара жатқан жолаушылар дәрігерлердің бақылауына алынған.

"Хантавирус коронавирус секілді эпидемияға айналмайды. Себебі ол адамнан адамға таралмайды. Қалың жұрт коронавирустың өршігуіне байланысты қатты алаңдағаны түсінікті", - дейді сарапшы. 

Десек те ол хантавирус коронавирусқа қарағанда әлдеқайда ауыр дерт түрі екендігін атап өтіп, одан көз жұмғандардың саны көп екендігін жеткізді. Айтуынша, бұл аурудың алдын алау оңай көрінеді. Ол үшін тек ауру таратушы кеміргіштермен күрес жүргізсе болғаны. Сол себепті хантавирустың жаппай індетке айналуы екіталай екен.

 

 

Талқылау