Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы: Еуропада суға батқан көліктер Қазақстанға күзде жеткізіледі

Еуропадан Қазақстанға суға батқан көліктерді осы күзде әкеле бастайды. Танымал автомобиль сарапшысы және қоғам белсендісі Арсен Шакуов осылай дейді. Ол қазақстандық автокөлік жүргізушілеріне апаттан кейінгі қайта өңделген көліктерге тап болмас үшін бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Шакуовтың айтуынша, әлеуметтік желілерде отандық автокөлік нарығында еуропалық "суға кеткен көліктердің" пайда болуы туралы ақпараттар айтылып жүр. Ол инстаграм парақшаларда көліктердің апаттан кейінгі өңделгенін көрсететін түрлі видеолардың жарияланатынын атап өтті.

"Біріншіден, сақтандырушылар суға кеткен автокөліктерді арнайы тұраққа апарады. Автокөліктер аукционда сатумен айналысатын адамдарға сатылады және осылайша табыс табады", – деп қосты ол.

Қазақстандық сарапшының айтуынша, осыдан кейін "шеберлер" суға батқан көліктерді қалпына келтіріп, оларды жөндей бастайды. Ол қалпына келтіру процесі әдеттегідей ең аз инвестициямен жасалатынын атап өтті. Ол үшін автокөлік кептіріледі, тазартылады, ал зақымдалған корпустың бөлшектері боялады немесе ауыстырылады.

“Сақтандыру жағдайын аяқтауға ең көбі бір ай қажет деп есептейік. Әрі қарай, аукцион тағы бір ай бойы өтеді. Содан кейін қалпына келтіру процесі ең көп дегенде бір айға созылады. Шамамен 3-6 айдан кейін суға батқан автокөліктерді Қазақстанға әкеле бастайды", – деді маман.

Оның айтуынша, суға кеткен көліктер Қазақстанға Армения, Ресей немесе Қырғызстан арқылы әкелінуі мүмкін. Тиісінше, біздің елде олар бірінші кезекте елдің батыс және оңтүстік аймақтарына жеткізіледі.

"Апат кезінде зақымданған және қоқысқа тасталған әрбір автокөлік мәліметтер базасында жазылады. Сондықтан VIN код арқылы сіз көліктің бүкіл тарихына көз жүгірте аласыз: иесі кім болды, ол қандай аукционда сатылды, полиция не жазды. Көлік сақтандыру жағдайында болған ба, бәрін тексеруге болады", – деп қосты ол.

Су тасқыны кезінде зақымдалған автокөліктің көптеген қиындықтары болуы мүмкін. Сарапшы егер сізде VIN код арқылы автокөлікті тесеру мүмкіндігі болмаса, тағы бір жолы бар екенін айтты. Оның айтуынша, суға батқан көліктерден жағымсыз иісті химиялық ерітінділермен жою өте оңай.

"Алайда жинақталған жүйеден өтетін электр сымдарының ортасын кептіру өте қиын. Яғни олар бір жерде көп мөлшерде жиналады. Бұл вакуумдық орынға жету өте қиын, мұнда 10-дан 50-ге дейін сымдар бір-бірімен өте тығыз байланған. Ол іс жүзінде кеппейді. Бұл аралықты кесіп, ішіндегі ылғалдылықты тексеруге болады”, – деді сарапшы.

Шакуов Еуропадан суға батқан көліктерге ұрынып қалмай, автокөлік салонынан алу үшін ақша жинауды ұсынады.

“Тіпті болмаса кейін көліктің кемшілігі үшін жауап бере алатын жақсы сатушыдан сатып алу керек”, – деп қорытындылады сарапшы.

Талқылау