Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін

Сара Назарбаеваның туған жері Қарағандының Қызылжар ауданындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін. Өйткені төбесі әлден опырылып түсіп жатыр. Бірақ, одан қорқып отырған жергілікті атқамінерлер байқалмайды.

7117

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Төбесін айтпағанда шіріген еденіне кәдімгі саңырауқұлақтар өсіп жатыр. Едені опырылып, төбесі құлаған ғимаратты биліктегілер екі жылдан бері жөндей алмай келеді.

“Әкімдер келіп мынша миллион бөлінді, ертең істейміз деп кетеді. Ал шын мәнінде ешқайсы жоқ”, – дейді тұрғын Аршагүл Ақпан.

2015 жылы болған тасқынның салдарын толықтай қалпына келтірдік деп есеп бергенімен, 130 бала оқитын ғимаратқа ешкім саусағының ұшын да тигізбегені анық байқалады дейді тұрғындар. Сыз тартқан сыныптарда білім алатын оқушылардың ата-аналары пеш жағып, терезелерді қаптаса да бөлмелер жылынар емес.

“Сайрандатып ЭКСПО-ны жасап жатырмыз ғой, ал мектебіміз құлап жатыр. Мектепті қыркүйекке дейін тұрғызып берсін. Сол ата-аналардың тілегі”, – дейді тұрғындар.

Тасқын судан зардап шеккен мектепке келген әр адам аяғын аңдап баспаса құлап түсуі ықтимал. Ал көк пен ызаның иісі мүңкіп тұрғаны сонша кез-келген бала жарты сағаттың ішінде өкпе ауруына шалдығуы мүмкін. Балалардың аурудан көз ашпайтынын мектеп ұжымы да растайды. Тек биылдың өзі бірнеше оқушы өкпе ауруымен екі рет ауруханаға жатып шыққан.

“Пенвмание болып аурухана жатып шықты. Одан да көп бала жай жөтеліп ауырады”, – дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Жанар Ташанова.

Ал жергілікті әкім құлаудың аз-ақ алдында тұрған мектепті биылғы оқу жылына дейін де жөндеп үлгермейтіндерін ашық айтады. Сондықтан балалар 5 шақырым жердегі ауылға автобуспен қатынап оқи тұрмақ.

Оқи отырыңыз:

ЭКСПО аумағына кіру үшін түйелерге де куәлік жасатуды сұраған

Бастан-аяқ үнді стилінде той жасаған қазақтар жұрттың ашуын келтірді (видео)

9 айлық баланы өлімнен арашалап қалған пойыз жолсерігін марапаттамақ

Жас жігіт жалға алған ойын приставкаларын базарға апарып сатқан

Талқылау