Сара Назарбаева бес айдан бері Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева бес айдан бері президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BES.media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сара Назарбаева туралы сұраққа жауап берген аурухана өкілдері науқастың ауруханада жатқанын растап, жағдайы туралы ақпараттың дәрігерлік құпия екенін айтқан.
“Науқас Ұлттық госпитальде белгіленген медициналық стандарттарға сәйкес тәжірибелі мамандардың бақылауымен ем қабылдап жатыр”, – делінген аурухана директоры Асхат Браловтың қолы қойылған жауапта.
Жауапта "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 273-бабына сәйкес, науқастың диагнозы, денсаулық жағдайы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы ақпарат дәрігерлік құпияға жататыны айтылған. Оларды жариялау тек науқастың өз келісімімен немесе заңда нақты көрсетілген жағдайларда ғана мүмкін.
Айта кетейік, осы жылдың 5 мамырында әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сара Назарбаеваның ауыр жағдайда жатқаны туралы ақпарат тарады. Ол кезде де президент іс басқармасының медициналық орталығы Сара Назарбаеваның госпитальде ем қабылдап жатқанын растағанымен, жағдайы туралы ақпараттың құпия екенін мәлімдеген еді.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның көз жұмғаны туралы ақпарат тараған еді.

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
