Сара Амангелді: Азық-түлік дүкенін ашуды армандаймын, бірақ әзірге күйеуім жоқ
Сара Амангелді бала арманы жайлы айтты. Әнші әрі актриса өнер саласында жүргенімен, азық-түлік дүкенін ашуды армандайды екен. Бұл туралы ол "Қызық Live" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онсыз да ата-анамның мойнында 4 қыз болып отырмыз. Сондықтан ата-анама "ананы-мынаны ашамын" деп жүк артқым келмейді. Мүмкіндік болса, күйеуіме айтамын деген ойдамын. Кішкентай кезімнен сондай арманым бар. Мені жақсы көрсе, дүкен тұрмақ, супермаркет ашып береді деп ойлаймын", - деп елді күлдірді Сара Амангелді.
Сара Амангелдіге ғашық жігіт болашақта оған дүкен ашып беруі керек. Алайда актриса тұрмысқа шығарда бірінші жүректің қалауына қараймын деп отыр.
"Күйеуге ол үшін шықпаймын. Ол – болашаққа жоспар. Жалғыз өзім қорқамын, ештеңем жоқ. Көзім бақырайып отырамын ғой", - дейді өзі.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"