Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Бадықова: Өмірде кіші келінмін, Асылым сияқты бұғып әмірімді жүргізе алмаймын

Көрерменнің көзайымына айналған "Келінжан" телехикаясында абысындардың рөлін сомдаған Дариға Бадықова, Нұргүл Мыңғатова, Сара Амангелді "Қызық Live" бағдарламасына сұхбат берді. Олар сериалдың 4-маусымы болатынын және оның 100 серияға дейін созылатынын айтып, елді қуантты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Актрисалар кинодағы образдары, қалай шақырту алғандары және өмірдегі абысындары жайлы әңгімеледі. 

Абысындардың рөлін сомдаған үш актриса да арнайы кастингке қатыспаған. Сериалдың бас продюсері Гүлнұр Мамасарипова Дариға Бадықова мен Нұргүл Мыңғатованы алдыңғы тәжірибелеріне қарап шақырса, кенже келіннің рөліне өзінің қызы Сара Амангелдіні бекіткен. 

"Сценарийді жазғанда актерлердің бағытында жазады ғой. Айсараны жазып отырғанда мені көрген шығар. Шақырды. "Ойбай жарайды, сіз шығарған дүниенің бәрі хит болады. Түсе берейік" дедік", - деді Дариға Бадықова.

Ал Асылымның рөлін сомдаған Сара Амангелді рөлге кездейсоқ таңдалғанын айтады. 

"Маған ұсыныс жасады. Мен түсемін деп ойлаған жоқпын. Аяқ астынан айтты. "Иә" дей салғанмын. Шығармашылықтан алыстап кеткеннен кейін, мама: "Бос отырғанша, сен де түсіп көр", - деді. 
Жарайды деп осылай шығып кеттім. Аллаға шүкір, мен бақыттымын",- деді ол. 



Балқияны сомдаған Нұргүл Мыңғатова образдың өзіне жақын екенін айтты. Сара Амангелді де өзін ойнап шыққанын жеткізді. Ал ең көп талқыға түскен кейіпкер Айсара өмірде мүлдем басқа адам болып шықты. 

"Ондай қатты ұқсайды деп айта алмаймын. Біреуді ренжітіп қойсам, бірінші барып, кешірім сұрамағанша, тыныштанбаймын. Ол кешірім сұрамаса, жылап қоюым да мүмкін. Мына кісі (авт. Нұргүл Мыңғатова) қаттылау. Өзі бірінші келмейді. Одан кейін мен ұрыса алмаймын, айтамын болды. Айсара өмірде қандай? - деген сұрақ көп қойылады. Өмірде ондай сәттерде солай болады енді. Жағдайға байланысты", - деді Дариға Бадықова.

Сондай-ақ, Дариға өмірде бір үйдің кіші келіні болып шықты. Ол абысындарымен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. 

"Абысындармен жақсымыз. Жаға жыртысып, бет жыртыспаймыз. Өмірде мен Асылымның образындамын, ең кенже келінмін. Үш абысынбыз. Кіші болғаннан кейін, Асылым сияқты бұғып жүре бересің. Әміріңді жүргізе алмайсың. Бәрі жақсы. Біреудің әйеліне қалай сөйлейсің? Тып-тыныш қана, біреуі - Талдықорғанда, біреуі - Текеліде, біз - Алматыда. Анда-санда той-томалаққа барғанда бәрі жақсы деп қайтамыз", - деді ол. 

Талқылау