Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев шетелдік елшілермен асық ойнап, садақ атты (фото)

ҚР дипломатиялық өкілдік басшылары «Ақтөбе облысының қазынасы» көрмесімен танысуға келген болатын. Қонақтар ЭКСПО көрмесі аясында ақтөбеліктер әзірлеген көрмені Македония, Голландия, Германия, Швеция сынды бірқатар елдердің дипломатиялық өкілдік басшылары тамашалады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

20170627160845_IMG_3179

Шетелдік қонақтарды әсіресе ақтөбелік зергерлердің қолынан шыққан және ежелгі бұйымдар таңғалдырды. Музей қызметкерлері көрмеге 70-ке жуық экспонат әкелген.

Иран, Армения елшілері бастаған делегация Ақтөбе облысына қарасты ақ отаудан ұлттық тағамдар мен сусындардан дәм татты. Қазақы ауылды аралап шыққан елшілердің бірі домбыра шертіп көрді. Ал, Иран елшісі Моджтаба Дамирчилу асық атты.

20170627161131_IMG_3203

Мергендігін Армения елшісі Ара Саакасян да тексерді.

20170627161025_IMG_3195

Екі елші сәлден соң садақ атудан бақтарын сынап көрді.

20170627160857_IMG_3180 20170627160845_IMG_3179

Ақтөбелік өнер ұжымдары меймандарға мерекелік бағдарлама әзірлеп қойды. Осыған дейін Астананың “Пекин Паласында” Сапарбаев Астанадағы дипломатиялық өкілдік басшыларына өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырған болатын.

Инвестициялық жобаларының көрмесі өтіп, жалпы құны 2,1 миллиард доллар болатын, 13 келешегі бар инвестициялық жоба ұсынылды.

Облыс әкімі меймандарды облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктерімен таныстырып, сонддай-ақ, оларды жобаны бірігіп жүзеге асыруға шақырды.

«Былтырғы жылы Астанада біздің облыс өзінің инвестициялық мүмкіндіктерін көрсетті, кейбіріңізбен тіпті Ақтөбеде кездесіп, әрі қарайғы жоспарларды талқыладық. Біз облысымыздың экономикасына шетелдік инвестицияны тартуға ниеттіміз. Жалпы алғанда сіздерге өңірдің инвестициялық саясаты жақсы таныс. Ең маңыздысы инвесторлардың қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Біздің көрмеміз «ЭКСПО-2017» аяқталғанша үш ай бойы жұмыс жасайтын болады. Ниет білдірушілерді біздің әлеуетімізбен танысуға шақырамыз», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев Бурабайдағы тым қымбат бағаға реніш білдірді

Реформа: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроны тергей алатын құзыретке ие болды

Депутат Хаменова: Мен де елбасын жақсы көрем

Келімбетов зейнетақы қорындағы “ақшаның қайда жатқанын көрсетуді” ұсынды

Талқылау