Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сапарбаевқа арналған ба?": Жамбыл облысының әкімдігі 20 млн теңге болатын чартерлік рейске қатысты түсініктеме берді

Жамбыл облысының әкімдігі аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Татарстанға ұшуына арналған чартерлік ұшақ туралы ақпаратқа түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

PROTenge Telegram каналында құны 20 миллион теңгеден асатын лот туралы ақпарат пайда болды.

"Әкім Сапарбаевқа арналған чартер? Таразда бюджеттен 20,7 миллион теңгені Казань (KZN) - Тараз (DMB) - Казань (KZN) чартерлік рейсіне жұмсамақ.

Айтпақшы, қазіргі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев "Татарстан Республикасының басшылығымен бұрыннан достық" қатынас орнағанын айтты. 

Чартермен кім ұшады деп ойлайсыз? Татар халқымен достықты қолдау үшін әкім ұша ма? Немесе ұшақпен ауыр науқас балаларды емдеуге жіберіле ме? Немесе қазақстандық дәрігерлер тәжірибе алу үшін чартермен ұшатын шығар?", - деп жазады жазба авторы.

Өз кезегінде облыс әкімдігі рейстің дәрігерлерге арналғанын мәлімдеді.

"Казань - Тараз - Казань чартерлік рейсі медициналық көмек көрсету және коронавирус инфекциясы мен пневмонияны емдеуде тәжірибе алмасу мақсатында Татарстан Республикасынан келетін дәрігерлердің ұшуына арналған.

Облыс әкімдігінің басшылығы жұмыс сапарларында әдеттегі рейстік ұшақтарды ғана пайдаланады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Талқылау