AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
AAPL
146.92 $
0.06 %
TSLA
774.39 $
2.75 %
NDAQ
196.78 $
0.61 %
GOOGL
2844.3 $
0.71 %
FB
352.96 $
2.02 %
FRHC
64.53 $
0.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев Тоқаевтың сөгісінен кейін шенеунікті қызметінен босатты

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қайрат Досаевты табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметінен босатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"2021 жылы 3 тамызда Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды", – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қайрат Досаев жаңа лауазымда 30 шілдеден 3 тамызға дейін жұмыс істеді. Әкімдік 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап Досаев облыстың еңбек инспекциясы бөлімінің бастығы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті.

Қайрат Досаев 2019 жылдың қарашасында қала мектептерінің бірінде 12 жасар қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз қаласының әкімі қызметінен кеткен. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатуды тапсырды.

3 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылған Қайрат Досаевты жаңа қызметке тағайындағаны үшін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады. Жамбыл облысының әкіміне "кадрлық қатені 24 сағат ішінде түзетуді" тапсырылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр