Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: Мектептердің даладағы дәретхана мәселесі қыркүйекке дейін шешіледі

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мектептегі көше дәретханалары мәселесін қыркүйек айына дейін шешеміз деп мәлімдеді. Бұған қоса ол мектептердегі бейнебақылау камераларын орнату туралы сөз қозғады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дәретхана

"Бейнекамералар, көше дәретханалары және басқалары бойынша. Біз Президенттің тапсырмасымен өзімізге міндеттемелер алдық. 1 қыркүйекке дейін бәрін жасаймыз", - деді Сапарбаев.

Мәжіліс отырысында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқу орындарынан тыс бейнежазба мұрағатын жасаудың қажет екендігін атап өтті. Сөзінше, оған әкімшілік қол жеткізе алмауы және өшіре алмауы маңызды екен.

"Ал бейнекамералардың полиция бөлімдерімен интеграциялануына қатысты айтсам, олар да барлығын көріп отыруы үшін бұл міндетті түрде жүзеге асады. Сондай-ақ, әрине, күзетке қатысты: біз қазір аудан орталығы және облыс орталықтарына күзеттің барлығын ведомстводан тыс қылып ауыстыру керегін айттық. Қазіргідей емес. Онда негізінен ата-әжелр отырады, міне, нәтижесі осы", - деді ол.
 

STAN.KZ
Сенбі, 01 Ақпан, 2020 09:40
Талқылау