Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев: екі күнде 8 мың адам қайтарылды

11 ақпанда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысындағы есебінде Қордайдағы тәртіпсіздіктерге қатысты 5 күннің ішінде 141 адам дәрігерге қаралғанын айтты. Оның 19 полиция қызметкері екенін және 10 адам көз жұмған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сапарбаев қазақстандықтардың елордада тұрғысы келетіні туралы: Нұр-Сұлтан

"Жергілікті әкімшіліктің көмегі көрсетілді. Мемлекет басшысы тарапынан көңіл айтылды. Барлық шараларға қатыстық. Қазіргі таңда Қордай ауруханасына 13 адам, Алматыдағы ауруханаға 25 адам, Қырғызстандағы ауруханаға 9 адам жеткізілген.

 Мықты дәрігерлер шақырдық. Комиссия өртенген ғитмраттарды тексеріп жатыр. Алдағы уақытта қандай көмек керек екенін айтатын боламыз. 3 күнде 5 елді мекенде халықпен кездестік.

2 күнде 8 мыңға жуық адам қайтарылды, сауда дүкендері, мектептер жұмыстарын бастады. Өртенген үйлердің құрылыстарын салу кезінде жергілікті құрылыс компаниясы жұмыс істейді. Қазіргі уақытта елді мекендерден шыққан кәсіпкерлермен жұмыс істеп жатырмыз",-деді ол.

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Ақпан, 2020 08:59
Талқылау