Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев ақтөбеліктерге еңбектенуді Тараз тұрғынынан үйренуге кеңес берді (фото)

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе көшелері мен алаңдарына гүл егетін тараздық компания туралы ойын білдірді, деп хабарлайды “Stan.kz” тілшісі.

20170508130418_IMG_6792

“Ақтөбеліктер ренжімесін, бірақ, гүл өсіре алмайсыңдар, сондықтан, өзге жақтың мамандарынан үйренулерің керек”, деді ол.

20170508125637_IMG_6772

Гүл өсірумен айналысатын “Ақтөбе Флора” компаниясының базасын аралап көрген облыс басшысы құрылтайшыларынан жергілікті кадрларды үйрету керектігін алға тартты.

20170508125543_IMG_6765

“Сіздер гүл егумен айналысасыздар, қастарыңызда ақтөбелік мамандар отырсын. Кейін маманды өзге жақтан шақыртпай, осы елдің халқы гүл егумен айналысатындай болсын. Гүлді қалай отырғызу керектігін көрсін, үйренсін”, – деді Бердібек Сапарбаев.

20170508125558_IMG_6768

Оның айтуынша, Ақтөбеде гүлзарлар көтеруді қолға ала бастаған Жұмагүл Омарова елдегі санаулы флористердің бірі екен. Ол Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда, павлодар қалаларында гүл өсіреді. Былтырдан бері Ақтөбеде кәсіп ете бастады.

20170508130202_IMG_6781

Оған жергілікті билік 2 гектар жер бере отырып, талаптар қойды. Біржылдық емес, ұзақ жылдар өсетін гүлдерді отырғызу жөнінде ұсыныс айтылған.

20170508130208_IMG_6783

Өз кезегінде, “Ақтөбе Флора” компаниясының құрылтайшысы Жұмагүл Омарованың айтуынша, былтыр Ақтөбеде 25 мың шаршы метр алқапқа гүл отырғызылып, 66 мың шаршы метр жерге көгал төселген. Осы жылы 35 мың шаршы метрге гүл егіліп, 125 мың шаршы метр алқапқа көгал жайылған. Әкімнің пайымынша, гүлзарлар мен көгалды көбейту арқылы қаладағы шаң мен балшық мәселесін шешуге болады.

20170508130424_IMG_6793

Жұмагүл Омарованың гүл өсіруді өндірістік жолға қойғанына 10 жылдан асыпты. Негізінен, жазғы гүлдер мен ыдыстағы өсімдіктерді өсірумен айналысады. Бүгінде Ақтөбедегі базасында 5 жылыжай бар. Ақтөбе көшелерінде 30-дан астам гүл өсіреді. Бүгінде кейбір өскіндерді Польша мен Германиядан алдыртып жүр.

Оқи отырыңыз:

Шымкент шенеуніктері жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін көрсетті (видео)

Қызылордада білім мекемелері жанынан ашылған сауналарда жезөкшелер еркін жүр (фото,видео)

45 жастағы қыз: Ең қиыны әрі қорқыныштысы жалғыз қалу екен

Белгілі модель Шымкентке келін болған азапты жылдары жайлы ашық айтты (фото)

Талқылау