Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапалы байланыс жолындағы тағы бір қадам: Beeline бірінші болып VoWiFi технологиясын іске қосты

Beeline VoWiFi технологиясының іске қосылғанын жариялады. Байланыстағы пайдаланушылар үшін мұның неге жақсы жаңалық екенін айтайық.

Парадокс, бірақ цифрлы технологиялар қарқынды дамып жатқанына қарамастан, мобильді байланыстың сапасы пайдаланушылар арасында белсенді талқыланып жүрген мәселе. Астанада, Алматыда және басқа қалаларда "ақ дақтар" аталатын жүздеген аймақ – дауыстық байланыс ішінара немесе мүлде жоқ жерлер бар. Операторлардың бұл дақтарды әлі жаба алмауы себептерінің бірі – жергілікті тұрғындардың қарсылығы. Тұрғын үй иелері шатырында ұялы байланыс антеннасы бар үйде өмір сүруге дайын емес. Ал біздің елдің заңы бойынша оператор жабдықты тұрғын үй иелерінің рұқсатынсыз орната алмайды. Дәл осы себепті кейбір абонентке туыстарымен және достарымен байланысу үшін, желі жақсы таралған жерді іздеуге тура келеді.

Абоненттері үшін Beeline іске қосқан VoWiFi технологиясы радиофобияның жағымсыз салдарларымен күресуге көмектеседі. Бұл технология дауыстық байланысты сіз қосылған кез-келген Wi-Fi желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті оны Voice over Wi-Fi деп атайды. Бұл ретте қоңырау тарификациясы өзгеріссіз қалады. VoWiFi технологиясын радиофобия салдарынан байланыс жоқ үйлерде ғана емес, басқа да жағдайларда қолдануға болады:

  • кеңселерде, дүкендерде және жертөледе орналасқан басқа да орынжайларда
  • демалыс аумағының wi-fi желісі арқылы ғана байланысуға болатын қашықтағы туристік жерлерде,
  • шетелде, егер маңайда жеке wi-fi болса.

Әзірге, технологияның дұрыс жұмыс істейтінін тексеру үшін және барлық оператордың Wi-Fi желісімен құрылғылардың байалнысын реттеу үшін, VoWiFi технологиясын тек Beeline қызметкерлері пайдалана алады. Бірақ жуырда бұл технология басқаларға да қолжетімді болады. Технология пайдалану мүмкіндігін телефоныңыздың баптауларынан тексере аласыз:

Android

  1. Баптаулар → Желі және интернет немесе SIM-карта және мобильді желілер бөлімдерін ашыңыз.
  2. Өз SIM-картаңызды таңдаңыз.
  3. "Wi-Fi арқылы қоңырау шалу" / Wi-Fi Calling бабын таңдаңыз.

iPhone (iOS)

  1. Баптаулар → Ұялы байланыс → Дерек параметрлері → Wi-Fi арқылы қоңырау шалуға өтіңіз.
  2. Егер бап қолжетімді болса — телефон VoWiFi желісін қолдайды. 

Жарнама құқығында

Талқылау