Санжар Тәшкенбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Бангкок қаласында (Таиланд) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалдық жекпе-жегін сәтті өткізіп, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін өзбек боксшысы Шодиержон Меликузиевпен жұдырықтасты. Жекпе-жек барысында Санжар өзінің мықтылығын көрсетіп, жеңіске жетті.
Енді ересектер арасындағы 2022 жылғы Азия чемпионы Ташкенбай бұған дейін 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы атағын алған болатын.
Санжардан кейін тағы бес қазақстандық финалист Бангкок рингіне көтеріледі: Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі).
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

