Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санжар Мәди қоғамдағы маңызды мәселе туралы фильм түсірді

Танымал қазақстандық актер және режиссер Санжар Мәди көкейкесті буллинг мәселесі қысқа метражды фильм түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз аурудың өзін емес, себебін өзгертуіміз керек. Біздің кез-келген әрекетіміз ауыр салдарға әкеледі. Негативтің өсу деңгейі жоғары. Біз адамдардың ойланғанын қалаймыз. Санасына әлі де жететін аудиторияға әсер еткіміз келеді ", - деп жазды Санжар Мәди Instagram-да.

Фильм бір адамды арандатушылық әрекеті оның айналасына қалай әсер ететінін, бір тізбектен басқалардың қандай зардап шегетінін көрсетеді.



Роликтің продюсері – Максим Акбаров. Идея авторы – Ерұлан Құсайынов.

Рөлдерде: Азат Сейтметов, Әсел Сағатова, Абылай Садырбаев, Оңдасын Бесікбасов және басқалар.

Буллинг (немесе қорлау) - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

 

Айнұр Мұхади
Сенбі, 11 Қыркүйек, 2021 18:45
Талқылау