Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санкциялар Орталық Азия елдерінің экономикасын жоюы мүмкін

Санкциялар АҚШ-тың көмегінсіз Орталық Азия елдерінің экономикасын жоюы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Америка Құрама Штаттары Орталық Азия елдерімен Ресейге қарсы санкциялардың салдарын еңсеруге көмектесу үшін жұмыс істеуде. Сондай-ақ, олар Мәскеу және Пекинмен қарым-қатынасқа балама ұсынуға дайын. Бұл туралы Конгресс Өкілдер палатасының Сыртқы істер комитетінде өткен тыңдауда АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Элизабет Хорст мәлімдеді.

Хорсттың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс әсіресе Қазақстан және Өзбекстанмен белсенді жүргізілуде.

"Олар бізден санкциялар мәселесі бойынша қолдау сұрап жатыр. Қысымға (Ресей мен Қытайдан) қарсы тұрудың жолын табуға көмектесуді сұрайды. Біз екі елмен, олардың экономикасы жойылып кетпеуі үшін санкциялар мәселесі бойынша белсенді түрде жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол.

Енді АҚШ аймақтың екі ірі еліне балама беруге тырысып, Орталық Азиямен байланысты нығайту мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Вашингтонның "энергетика саласында бұрыннан келе жатқан серіктесі" Астанамен белсенді түрде жұмыс жасауда. 

Бұған дейін бірқатар қазақстандық компания санкцияларды айналып өткені үшін сотталған. Кейбіреулер тіпті шілденің басында Украинаның санкцияларына ұшырады. Ал ЕО санкциялар тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Талқылау