Санитар дәрігерлер Әли Оқапов мен Диас Абылай қатысқан тойды тексеріп жатыр
Әлеуметтік желілерде қазақстандық жұлдыздар мен блогерлер қатысқан тойдың видеосы тарады. Алматыдағы мониторингтік топ фактіні тексеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кадрлардан басқосу Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы әнші Диас Аблаевтың туған күніне орай ұйымдастырылғаны көрінеді.
Мерекеде Әли Оқапов, Индира Еділбаева және бірнеше Instagram-блогерлер болды.
Қазіргі таңда Алматының мониторингтік тобы бұл фактіні зерттеп жатыр.
"Видео бақылау тобына жіберілді. Іс-шаралардың қай жерде өткенін нақтылайтын боламыз", - деді Алматы қаласы санитария-эпидемиологиялық бақылау департаментінің орынбасары Сәдуақас Байғұбылов.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді