Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санаулы күндері қалған жалғызбасты ана 4 баласы үшін уайымдап жүр

Толқын ханым бірнеше жылдан бері төрт баласын жалғыз өзі асырап келеді. Дәрігерлер кенжесін ішін жарып алған екен. Осыдан кейін күйеуі ішімдікке салынып, хабарсыз кеткен. Тапқан табысы пәтерақысы мен несиесіне жетпейді. Өткен жылдың қазан айында дәрігерлер оған ақырғы күнінің жақындап қалғанын айтқан.

18252757_546113959112119_7224534509729873920_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

«Өкпе-бауыр су жинап алады. Осы уақытқа дейін мен өзім жұмыс істеп, жүріп жүретінмін. Қазан айынан бастап ешнәрсеге шамам келмей кетті. 2014 жылы кішкентайлы болдым. Қан қысымым 200-ге дейін көтеріліп, сәбиімді ішімді жарып алды. Салмағы – 954 грамм болды. Ауруханада үш ай жаттық. Арада бірнеше жыл өткен соң бетім ісіп кетті. Артық салмақ жинап алған шығармын деп ойладым. Бір шетінен еш жерім ауырмайтын. Дәрігер гайморит шығар деп мұрнымды үш жерімнен тесіп тастады. Артынша ревматолог маман соңғы күндерімнің жақындап қалғанын айтты. Үш ай ауруханада жатқанымда күйеуім келген жоқ. Ішіп алған кезде қоңырау шалатын. Соңғы 4-5 күн ішінде ішкен-жегенімнің барлығын құсатын болдым. Қазір Қарағанды қаласында тұрамын.

Екі балам бет-жүзімді көрсетуіме қарсы. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз. Ай сайын 55 мың төлейміз. Мүгедектігіме 34 мың, көп балалы ана болғаным үшін 9 мың теңге аламын. Яғни ай сайын 43 мың теңге ғана аламын. Кейде коммуналдық төлемді төлей алмай қаламын. Бірнеше ай бойы жиналып қалады. Оның үстіне ай сайынғы азық-түлік бар. Пәтер иесі қазақ болғандықтан, түсіністік танытады. Шыны керек, бұлай ауырамын деп ойлаған жоқпын. Несие алып қойған едім. Күйеуімнен ақша сұраған емеспін. Несие берушілер күнде хабарласып ұрсады. «Күнде жолға шығып сары киім киіп жұмыс істейсіз» деп айтады. Күйеуім ауылда ішімдікке салынып жүр. Одан әбден қорқып қалғанмын. Атын да естігім келмейді. Күйеуім алимент төлегісі келмегендіктен, менімен ажыраспай жүр.

Үлкен ұлым сырттай оқып жұмыс істемек. Үлкен әпкем көмектесе алмайды. Себебі, өзінің 7 баласы бар. Жалғыз ағам 21 жылдан бері Ресейде тұрып жатыр. Шешем мен ауруханада жатқан кезде балаларыма қарап береді. Ол кісінің де денсаулығы жоқ. Сәбиімнің салмағы әлі 8 килограмм. Дәрігерлер бес жастан кейін денсаулығының жақсарып кетеніні айтып жатыр. Дұрыстап емделейін десем, қаражатым жоқ. Кейде 300 теңгенің дәрісін ала алмайтын уақытым болады. Таңертең гормоналдық дәрілер қабылдамасам, қол-аяғым жұмыс істемей қалады. Тамақ ішсем, ішім ісіп кетіп жатыр. Тамақ ішпегеніме 3-4 күн болды. Дәрігерлер ауруымның емделмейтінін айтады. Жиі-жиі ауруханаға жатып, жеңілдетуге ғана болады екен. Ұйықтар алдында Алладан денсаулық тілеймін. Денсаулығым болса, жаңағы қарыздарымның барлығын өтейтін едім», – дейді Толқын ханым.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Сот сәбиді үш мәрте өз еркімен бас тартқан биологиялық анасына қайтарған

Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Келіншек 7 жылдан кейін күйеуінің басын қалай “айналдырып” алғанын айтып берді

Талқылау