Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сән-салтанатқа салынатын салық қандай мүліктерді қамтиды: Маман түсіндірді

Салық және кеден саясаты департаментінің бас маманы Елнар Қазбеков сән-салтанатқа енгізілетін салыққа қандай мүліктердің кіретінін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Санаулы адамдар тобына тиесілі яхталарға, жеке ұшақтарға салықты арттыру ұсынылып отыр", - дейді Елнар Қазбеков. 
Спикердің айтуынша, орта тап өкілдеріне салынатын салық артпайды. 

"Халықаралық тәжірибеде жоғары салық салу қолданылып келеді. Мысал келтірсем: құны 100 мың доллардан жоғары тұратын автокөліктерге үлкен көлемде салық салуға болады", - деп түсіндірді салық саясаты департаментінің бас маманы. 



Одан бөлек, екі немесе одан да көп элиталы мүліктерге ие адамдарға салықты көбейту қарастырылуы мүмкін. 

Сән-салтанатқа енгізілетін салық мәселесі мемлекеттік органдармен, сарапшылармен, бизнес өкілдерімен талқыланатын болады. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында сән-салтанатқа салық енгізуді ұсынған еді. 

Талқылау