Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" осы жылы Қазақстан үкіметіне рекордтық дивиденд төлейді

"Самұрық-Қазына" осы жылы Қазақстан үкіметіне рекордтық дивиденд төлейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко брифинг барысында мәлімдеді.

"2020 жылы қор жалғыз акционер - Қазақстан Үкіметіне 120 миллиард теңге (287 миллион доллар) мөлшерінде рекордтық дивидендтер төлейді, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 10 есе көп. Сонымен қатар, қор пандемияға байланысты денсаулық сақтау министрлігі мен басқа да ведомстволарға белсенді көмек көрсетуде", - деді Кравченко.

Оның айтуынша, пандемия жекелеген компаниялардың бизнес көлемінің төмендеуіне себеп болып жатыр, осыған байланысты бизнесті дамыту жоспарлары шығындарды оңтайландыру және консервативті болжамдар жағына қарай қайта қаралады.

"Алайда, біз үшін бірқатар тәуекелдер маңызды болып қала береді, мысалы, баға тәуекелі, тауарлар мен қызметтерге бағаның төмендеу қаупі және ең алдымен, мұнай бағасы. Оның өзгеруі көптеген басқа тәуекелдер үшін триггер болып табылады. Сарапшылар мұнай бағасының серпіні қазір оң екенін көріп отыр, бірақ жыл соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың белгісіздігіне және әлемдік экономикадағы мұндай белгісіздікке байланысты күн тәртібінен алып тастай алмаймыз", - деді Андрей Кравченко.

Оның айтуынша, қазір "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ Директорлар кеңесі мен басқармасының назарында 26 тәуекел бар, олардың 11-і ерекше назар аудартады. Олардың ішінде пандемияның жалғасу қаупі, коммерциялық, әлеуметтік және нарықтық қауіптер бар.

 

Талқылау