Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" мен еншілес компанияларының басшылары бір жылда 7,7 миллиард теңге сыйақы алған

Фото: sk.kz

"Самұрық-Қазына" қоры мен оның еншілес компанияларының негізгі басшылары бір жылда 7,7 миллиард теңге сыйақы алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы KASE сайтында жарияланған тәуелсіз аудитор жасаған есепте айтылған.

"2024 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішінде қор мен оның еншілес ұйымдарының директорлар кеңестері мен басқарма мүшелерінен тұратын негізгі басқарушыларына төленген сыйақылардың жалпы сомасы 7 миллиард 687 миллион теңгені құрады. Бұл сома тіркелген кіріс бойынша жиынтық табыс туралы біріктірілген есептегі жалпы және әкімшілік шығыстар құрамына енгізілген", – делінген қаржылық есепте. 


"ҚазМұнайГаз" басшыларына 705 миллион теңге сыйақы: Компания басшысының орынбасары қомақты сыйақы туралы сұраққа жауап бере алмады

"300 миллион теңгеден сыйақы тағайындаған": Бас прокуратура футбол федерациясында қаржыны қалай жымқырғанын айтып берді


Есепке сәйкес, сыйақы негізінен еңбек шарттарымен бекітілген жалақы шығындары және операциялық нәтижелерге қол жеткізуге байланысты төленетін өзге де төлемдерден тұрады.

Сондай-ақ бір жыл ішіндегі жалпы жалақы шығындары, әлеуметтік салық пен аударымдарды қоса алғанда, 301,9 миллиард теңгені құрады (өткен жылы – 271,3 миллиард теңге).

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық шенеунік өзіне 700 мың теңгеден астам сыйақы тағайындап, жұмысынан айырылғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Маусым, 2025 18:40
Талқылау