"Самұрық-Қазына" Qazaq Air компаниясын 10,4 миллиард теңгеге бағалады: Бұдан қор 2 миллиард табыс тауып, 38 миллион теңге қарыздан құтылады
"Самұрық-Қазына" Qazaq Air әуе компаниясының таза активтерін вьетнамдық SOVICO Group-қа сату алдында 10,4 миллиард теңгеге бағалады. Бұл ретте кәсіпорын 2 миллиард теңгеге сатылып, вьетнамдық компания 38 миллиард теңге қарызын өтеп, 50 ұшақ сатып алуға міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: m.kun.uz
Qazaq Air-қа қатысты сатуға арналған активтер сомасы (міндеттемелер шегерілмей) 14,6 миллиард теңге болатыны нақтыланды. Ол негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, басқа да айналымнан тыс активтерді, тауарлы-материалдық қорларды, саудалық дебиторлық берешектерді, өтелетін қосылған құн салығы, басқа айналым активтерін, ақша қаражаттары мен олардың баламаларын қамтиды.
Міндеттемелердің сомасы 4,2 миллиард. Оларға сауда және басқа кредиторлық берешек және басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер кіреді. "Самұрық-Қазына" мәміле есепті күннен кейін (30 маусым) 12 ай ішінде аяқталатынын айтты. Бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев мәміле қыркүйектің аяғында аяқталатынын жеткізген еді.
"Самұрық-Қазына" өткен жылдың жазынан бері Qazaq Air әуе компаниясын сатуға тырысып жатыр. Қор байқауды бірнеше рет өткізген, бірақ сәйкес өтінімдер болмағандықтан ол жарамсыз деп танылды.
Өткен жылдың күзінде Қарабаев Qazaq Air мен Ақтөбе әуежайын вьетнамдық SOVICO Group сатып алуы мүмкін екенін айтқан. Министр әуетасымалдаушының сметалық құнын 10 миллиард теңге деп атады. 2024 жылдың көктемінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуе компаниясының вьетнамдық инвесторларға сатылатынын растады.
2 миллиард теңге болатын транзакция сомасына қосымша инвестор Qazaq Air әуе компаниясының миллиардтаған долларлық қарызын өтеуге (2033 жылға дейін) және 50 Boeing және Airbus ұшағын сатып алуға міндеттелді. Тікелей инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асуы керек. Бұл Qazaq Air-дің бәсекеге қабілетті және тартымды компания болуына мүмкіндік береді.
Qazaq Air әуе компаниясы 2015 жылы құрылған. 2022 жылы авиакомпания 6,6 миллиард теңге шығынға ұшыраған (өсім 2,1%). Qazaq Air табысы 2021 жылы 12,8 миллиард теңгемен салыстырғанда 20,4 миллиард теңге, EBITDA – 3,9 миллиард (0,5 млрд теңге) теңге болды.