AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Самұрық-Қазына” компаниялар тобының 80% қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцина алды

“Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің жаппай вакцина алу науқаны жалғасып жатыр. Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 22 қазандағы дерек бойынша, 219 615 адам екпенің бірінші компонентін алып үлгерген. Бұл дегеніміз, Қорға қарасты компаниялардағы барлық қызметкердің 80,6% құрайды. 

Ал, 207 593 қызметкер коронавирусқа қарсы түгел егілді, яғни, вакцинаның екінші компонентін алып үлгерген. Бұл барлық жұмысшының 76,2% тең. Толық егілген қызметкердің бірі - Қазпошта компаниясының елордадағы сәлемдемелер супермаркетінде оператор-контролер болып істейтін Бақыт Уақбаева. 

“Күн сайын өте көп адамды қабылдап, қызмет көрсетемін, сондықтан мен үшін вакцина өте қауіпті аурудан сақтанатын жалғыз жол. Бүгінге дейін вакцинаның екі дозасын алып үлгердім, енді ревакцинация туралы жаңалық күтіп отырмын”,-дейді Бақыт. 

Ең көп қызметкерлер вакцина алған компанияның бірі - “Тау-Кен Самұрық” АҚ, бұл компания қызмекерлер мен медицина мамандарының арасында әңгіме орнатудың арқасында осындай көрсеткіштерге қол жеткізген. 

Ал, жалпы, вакцинациялау қарқынының көрсеткіші бойынша компаниялардың үлесі мынандай болып отыр: 
- “Samruk-Kazyna Construction" АҚ - 80 адамның 79-егілді (99%)
- “Қазатомпром" ҰАК” АҚ – 19 089 қызметкердің 17 944 (94%)
- “Самұрық-Энерго" АҚ- 16 954 адамның 15 767-і егілді   (93%)
- "ҚазТрансГаз" – 13 189 қызметкердің 12 160-ы егілді  (92%)
- “Тау-Кен Самұрық” ҰТК” АҚ - 861 қызметкердің 767-і егілді (89%)
- “Қазақтелеком" АҚ – 20 321 қызметкердіі 17 643-і егілді   (87%)
- “Біріккен химия компаниясы” ЖШС - 623 қызметкердің 525-і егілді (85%)
- "KEGOC" АҚ - 4 499 қызметкердің 3 744-і егілді  (83%)
- “Қазақстан темір жолы" ҰҚ” АҚ – 109 682 қызметкердің 90 972-і егілді  (83%)
- "Эйр Астана" АҚ – 5 355 адамның 4 346-ы егілді (81%)
- “Қазпошта” АҚ – 18 838 қызметкердің 14 813-і егілді  (79%)
-  "Qazaq Air" АҚ - 281 адамның 196- егілді  (70%)
- "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ – 62 600 қызметкердің 40 464-егілді   (65%).
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр