Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" қызметкерлерінің санын 50%-ға қысқартты

"Самұрық-Қазына" қорының жаңа ұйымдық құрылымы бекітіліп, қызметкерлер саны 50% қысқартылатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мәліметке сай, төмендегідей өзгерістер енгізілді:

  • Жаңа ұйымдық құрылым бекітілді. Оған сәйкес, Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін; ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды; "кеңесші" қызметтері жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды. Қордың жаңа ұйымдық құрылымы ресми веб-сайтта жарияланған.
  • Бизнес жолындағы кедергілерді жоюға бағытталған Тікелей сатып алудың жаңа тәртібі мен Қадағалау, маркетинг, және импорттың орнын басу ережелері алдын-ала бекітіліп, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және "Атамекен" ҰКП-ге қарастыруға жіберілді. Бір көзден сатып алуға негіз болатын факторлар қысқартылды. Аталған құжаттарды Директорлар Кеңесі қабылдаған соң Қордың корпоративтік орталығы сатып алу әдістемесін дайындау, сатып алуларды қадағалау және бақылау функцияларын атқарады.
  • Портфельдік компанияларға "Самұрық-Қазына" Қорын реформалау бойынша ҚР Президенті тапсырмаларын орындауды қадағалау жөніндегі құжат жіберілді; жауапты қызметкерлер, іске асыру мерзімдері мен қадағалау индикаторлары анықталды.
  • Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының 2022 жылғы 24 қаңтарындағы шешімімен "Самұрық-Қазына Инвест" ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, "Самұрық-Қазына Контракт" ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, "Самұрық-Қазына Бизнес Сервис" ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастарын тоқтату келісілді.

Басқарма ҚР Үкіметіне жолданатын Қорды реформалау бағдарламасын дайындау мерземдерін бекітті.

Талқылау