"Саматқызы емес, Саматовна". Блогер жеке куәлігінің қазақша жазылғанына шағымданды
Блогер Альбина Бектенова жеке куәлікті алу кезінде бірқатар қиындықтар туындағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыздың сөзіне қарағанда, ол қазақша білмейтіндіктен, құжаттағы "Саматқызының" орнына "Саматовна" деп жазуды өтінген. Бірақ оның өтінішін орындау мүмкін болмапты.
"Неге қазақша білмейтін адамның жеке куәлігі қазақ тілінде жазылады. Мысалы менде қазақша. Жеке куәлігімде Саматқызы емес, Саматовна деп жазылғанын қалаймын. Бірақ маған тегімді орысша жазу үшін туу туралы куәлік және көптеген түпнұсқа құжаттар қажет екенін айтты. Сондай-ақ, менің жеке куәлігіме Маңғыстау облысында туылған деп жазып қойыпты. Бірақ мен Астраханьда өмірге келгенмін", - деп жазды блогер.
Ол жеке куәлігінің орыс тілінде болғанын қалайтынын айтты.
"Мен жеке куәлігімнің қазақ тілінде болғанын қаламаймын, орыс тілінде болғанын қалаймын", - дейді ол.
- Жетісайда 100 жастағы әжей өмірінде бірінше рет жеке куәлік жасатты
- Қазақстандықтарға жеке куәліктеріне өздерін қазақ деп тіркеуге рұқсат беру ұсынылды
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”