Самат Смақов төрешілер мен футбол басшылығын сынағаны үшін төрт ойынға шеттетілді
Фото: “Елімай” фк баспасөз қызметі
"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен төрт ойынға дисквалификацияға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол команданың алдағы төрт матчына қатыса алмайды.
Оқиға Қазақстан чемпионатының бесінші турындағы "Ордабасы" – "Жетісу" кездесуінде орын алды. Ойынның 87-минутында Самат Смақов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Матчтан кейін ол төрешілер жұмысына және жалпы елдегі кәсіби футболдың деңгейіне қатысты сын пікір білдірді.
Қазақстан футбол федерациясының ресми мәлімдемесінде былай делінген:
"2025 жылғы Қазақстан Республикасы футбол чемпионатының 5-турындағы “Ордабасы” – “Жетісу” командалары арасындағы матчта ресми тұлғаға тіл тигізіп, әдепсіз мінез-құлық танытқаны үшін “Жетісу” командасының бас бапкері Смақов Саматты Дисциплинарлық регламенттің 45-бабы, 1-тармағы, 1) тармақшасына сәйкес төрт ойынға шеттету".
Бұл шешім бапкерлер мен футболдағы ресми тұлғалардың тәртіп мәселесіне қатысты маңызды прецедентке айналды.

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
