Самара-Ташкент тасжолында жүргізуші алты күн бойы жол жиегінде түнеген
Самара-Ташкент тасжолында жүргізуші алты тәулік бойы жолдан шығып кеткен көлігінде түнеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан азаматы, Volvo маркалы көліктің жүргізушісі тасжолдың 797-шақырымында жол жиегіне шығып кеткен. Көлігін өз бетінше шығара алмаған ол жол шетінде алты тәулік түнеуге мәжбүр болған.
Бұл уақытта полицейлер келіп, ер адамға азық-түлік пен су әкеліп отырған. Ал 9 қаңтарда "Қазавтожол" Ұлттық компаниясы" АҚ қызметкерлері полицейлер арнайы техниканың көмегімен жүк көлігін жолға шығарған.
Талқылау

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
Инженерлік, су және энергетика, жол құрылысы, көлік, әуе жолдары мен темір жол саласындағы мамандар қажет

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
Саят: “Туған әкем қазақ, бірақ көбі америкалық әкемді көріп мені жартылай қазақ деп ойлайды"