Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Самалтау» әнін шырқаған тағы бір қандасымыз қытайлық көрермендерді тәнті етті (видео)

Қытайдағы үлкен музыкалық байқауларда қазақ әнін шырқап жүрген қандасымыз Арай Айдархан Fujian TV «Табиғи әуен» ұлттық әндер музыкалық реалити-шоуында өнер көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

800 (1)

Бүгін Арай көрермендерді қазақтың «Самалтау» әнімен тәнті етті. Бір сағатқа жетпей, видеоны жобаның sina weibo әлеуметтік парақшасынан тамашалаушылардың саны 10 мыңнан асты.

Айта кетерлігі, бұл музыкалық жобаға қытайдағы аса танымал басқа ұлт әншілері де шақырылған.

Арай Айдархан 1990 жылы Қытайдағы қазақтар шоғырланған Алтай аймағы Алтай қаласында дүниеге келген. Бала кезінде дзюдомен айналысып,жарақатына байланысты спортпен қош айтысқан. 2013 жылы «Chinese Idol (中国梦之声)», 2014 жылы «Chian Is Listening(中国正在听)» ән байқауында бесінші орыннан көрініп, ерекше талантымен Қытайға танымал болған. Сондай-ақ, Арай қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан «Singer 2017» жобасында Димаштың музыкалық продюсері болып жүр.

20170303002812

Жіберіп алмаңыз:

Тағы бір қазақ Қытайда таланттар байқауына қатысуда (видео)

Тағы бiр қазақ жiгiтi Қытайды бағындырды

Димаш «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде 5-орын алды

ҰБТ тестіне Баян Есентаева жайлы сұрақтың неліктен енгізілгені түсіндірілді

Талқылау
Пікір
Самат
23 Қар, 20 жыл - 12:30

Самалтау - қайран елім, шалқар көлім,

Не болар солдат болып көрген күнім.

Есіме қайта-қайта түсе бердің,

Кір-жуып, кіндік кескен қайран елім!

 

Атты емеспін, жаяумын,

Жаяудан да баяумын.

Он бес күндей жүргенде,

Омбы жаққа таяумын.

 

Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр,

Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр.

Самалтау, қайран елім артта қалды,

Адасқан өрісінен біз бір үйір.

 

Әке-шешем бар еді,

Жасы жеткен кәрі еді.

Осынау әнге салдырған,

Он алтының зары еді”.

Иә, осылай өрілетін “Самалтау” әнін қайта жаңғыртқандардың бірі – қазақ халқының күміс көмей әншісі, ғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген. Естіген жұрт ел шежіресіндегі қилы кезеңді сипаттайтын туындыны халық әні деп қабылдап жүр. Алайда, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Үміт Асайынова “Самалтаудың” авторы атасы, әнші Сұраған екеніне сенімді.

Димаш Құдайбергеннің орындауындағы зарлы “Самалтау” Қытайдың Фучжоу қаласында “Жібек жолы” халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында шырқалған болатын. Кейін Американың Нью-Йорк қаласында да дәл осы ән талай шетелдіктің жүрегін елжіретіп, көздерін жасқа толтырғаны бар. “Олай етпеске де болмас, өйткені, туынды менің атамның және сол қысылтаяң замандағы талай қазақ жігітінің ауыр тағдырын баян етеді”, – деп бастады әңгімесін Үміт Асайынова.

“Самалтау” халық әнін орындаушылардың біразының репертуарынан ойып тұрып орын алады. Дегенмен, туынды Димаштың орындауынан соң көпшілікке кеңінен таныла бастады. Халық әнінің алғашқы шумағындағы “Самалтау” аталатын мекен қазіргі Қазақстан картасында көрсетілмеген. Туындының шығу тарихын зерттеп көрген әнші Ерлан Төлеутай әннің авторы еліне оралмаған, содан шығармаға арқау болған елді мекен де белгісіз қалған деп ой түйеді. Үміт апай болса, “Самалтау” өзіміздің өңіріміздегі Айыртау деген пікірде.

“Атамыз көзі жұмылғанша, “Айыртау, Айыртау” деп туған жері Сырымбетті аңсап өтіпті. Өлеңде туған жерінің атын жасырып, “Самалтау” деп өзгертуіне тура келген. Өскен өлкесінің Айыртау екенін жария етсе, оның кім екенін іздеп жүрген адамдар бірден біліп қояр еді. Жасырынып жүргендіктен, оны айта алмады. Бұл туынды атамыздың 1916 жылғы патша жарлығы бойынша уездегі өзге 5 жігітпен окоп қазуға бара жатып шығарған әні”, – деп әңгімесін жалғады Үміт Сапарғалиқызы. – “Атамыз сиыр жылында дүниеге келген. Сонда ол кезде Әнші Сұрағанның жасы шамамен 28-де екен. Сырымбет өлкесінен Омбыға жаяу шықса, тура жыр шумақтарында айтылғандай, орыстың қаласына 15 күнде жететін көрінеді”.

Әнші Сұраған Асайынның шаңырағында зарықтырып барып жеті қыздан кейін туған жалғыз ұл болған көрінеді. Ата-анасы Құдайдан сұрап алған баласына ырымдап Сұраған деп ат қойыпты. Ол Николай ІІ-нің жарлығы бойынша жер қазуға кетіп бара жатқанда әкесінің жасы 69-ды, шешесі елулерді алқымдаған. Ата-анасының қарттық шаққа жеткені жайлы өлеңде автордың өзі де айтып өтеді. Ұлының шаңырақ көтергенін әке-шешесі көре алмай, Сұрағанды үлкен апасы үйлендірсе керек.

Осындай сәйкестіктерді тізіп айтып берген Үміт Асайынова отандастарына әннің авторы Әнші Сұраған екенін дәлелдегісі келеді. Кезінде атасы оны өзі айта алмай кетсе керек. “1930 жылы қазақ өнерінің жарық жұлдыздарының бірі Үкілі Ыбырай “халық жауы” атанып, атылып кетті. Сұраған атамыз әнші, сазгердің ең жақын адамы болғандықтан, ақынның ізінше қамалуы тиіс еді. Бірақ Қарауылдан шыққан ағайындары оны жасыруының арқасында ғана аман алып қалды. Домбырасын да ешкімге көрсетпеген, балаларына үйретпеген. Малы кәмпескеленген ол Сібірде бой тасалады. Тіпті, біз кішкентай болғанда да ол жайлы көп айтыла бермейтін. Үйдегілер балалықпен бәрін айтып қоя ма деп сескенуші еді.

Осылайша, кейінгі ұрпағына ұлттық аспапты шерттіруге үрейленген Сұраған әнші өзі шығарған жыр шумақтарын да жасырып келген. Тек өзіне аманат етіп қалдырғандықтан, Үкілі Ыбырайдың шығармаларын шамасы келгенше, жұртшылыққа жеткізіпті.

“Қалдырған” өлеңінің соңында Үкілі Ыбырай менің атама қаратып, ізін жалғауды Сұрағанға аманат еткен. Оны дәлелдеген бірнеше адам бар. Атам көрнекті сазгердің шәкірті әрі жақын жолдасы болғандықтан, оның талай әнін халыққа жеткізген. Өкініштісі – Сұраған атамыздың өзі жайлы бір ауыз сөз сақталмапты. Ол жайлы жазылған қандай да бір дерек іздеп, талай мұрағатқа жүгіндік. Бірақ Көкшетау өңірінің архивіндегі алғашқы жазбалар небары 1930 жылдан басталады. Ол кезде атамыз Сібір жаққа қашып кетсе керек”, – деп шерін тарқатты зейнеткер. “ Әкем атамыздан соң екі жыл салып жол апатынан көз жұмды. Тірі болса, атамыздың атын да шығармаларын да жаңғыртар ма еді? Бабамыздан қалған арабша жазылған біраз құжаттар болды. Оны сандықта сақтап жүретін. Кейін біз көшіп-қонып жүргенде ол құжаттардан көз жазып қалдық,” – деп өткен күндерді өкінішпен еске алды Үміт апа.

Үміт Асайынова атасын соңғы рет бес жасында көрген. Көкшетау өңірінде оның қандай әнші болғанын білетін адамдар бар болуы мүмкін. Түрлі заманаларда бойындағы өнері түгіл, өзінің аты-жөнін, қазақ руханиятына қосқан үлесін жасырған адамдарды, олардың қилы тағдырын жас ұрпақ біліп өсуі керек. Ел арасында Сұраған әнші жайлы, халық әніне телініп жүрген “Самалтау” туындысы оның төл шығармасы екенін білетіндер кездесіп қалар, бәлкім. Құдайға шүкір, қазіргі заманды өткен уақытпен салыстыра алмаймыз. Әлдекімдердің көзі мен сөзінен жасырынудың қажеті жоқ, керісінше, ұмыт болған дүниелерді жаңғыртуымыз керек. Үміт Асайынованың да тілегі осыған саяды.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltústik Qazaqstan".

 

Самат
06 Ақп, 20 жыл - 14:07

Осы Самалтау әнінің авторына байланысты бізде деректер бар. Әннің авторы Көкшетау өңіріне белгілі композитор, әнші  Үкілі Ыбырайдың шәкірті халық "Әнші Сұраған" деп білітін Сұраған Асаинов. 1889 Сиыр жылы Шалкаркөл мен Айыртау маңында дүниеге келген, 1916 жылғы Патшаның жарлығынан соң Солдатқа бір ауылдан 9 ер жігіттің аттанғаны, артында кәрі әке-шешесі қалғаны, Шалқар мен Омбының арасы тура жолмен 350 км егерде жаяу, баяу жүріспен күніне 20-25 км есептесек 15 күнде Омбыға таяу келесің. Сұраған 7 қыздан кейін Алладан сұрап алған жалғыз ұлы екен. Ол туралы Үкілі Ыбырайдың "Қалдырған" әнінің соңгы шумағында "Қалдырғанды тапсырдым Сұраған саған аманат" деп аманат етіп тапсырғанын Қапаш Құлышева әнінде, Ғазиза Жұмекенқызы және Үлкендер (Бүркітбай ақсақал) айтылады.Көріп отырсыздар бәрі ақиқат келіп тұр. Тек Үкілі Ыбырай "халық жауы" ретінде қамауға алынған соң Сұраған оның Совет билігінен қудалауға ұшырайтынын біліп, бір түнде бала шағасын алып Түмен жаққа бас сауғалаған, ұрпағыма кесірім тимесін деп бәрін жасырып жүруге мәжбүр болды дейді.