Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың өлімі: Байжановтың сотқа жіберген жазасын жеңілдету туралы ұсынысы қайтарылды

Салтанат Нүкенованың қазасына қатысты екінші сотталушы Бақытжан Байжанов сот шешімін қайта қарау туралы кассациялық арызынан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хаабарлайды. 

Фото: Жоғарғы сот

Жоғарғы соттың мәліметінше, Бақытжан Байжанов күтпеген жерден сот шешімін қайта қарау туралы кассациялық арызын кері қайтарып алды. Бұл жоспарланған алдын ала қараудың күшін жоюға әкелді.

“26 тамызда Байжанов сот актілерін қайта қарау туралы кассациялық өтінішін қайтарып алды. Өтінішті алдын ала қарау жүргізілмейді. Өтінішті қайтару туралы ресми қаулы 4 қыркүйекте шығады”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2024 жылы 13 мамырда Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шыққан еді. Нәтижесінде Бишімбаев 24 жылға сотталған. 

Үкім шыққаннан кейін Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов сот процесінде бірінші сатыдағы соттың 20 заң бұзушылық жасағанын алға тартқан еді. Сондай-ақ ол судья Айжан Құлбаеваның жәбірленушілер тарапына жақтасып, тек балалары бар алқабилерді таңдаған деп айыптаған. 

Айта кетейік, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен 2023 жылы 9 қарашада ұсталған еді. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бақытжан Байжанов та тұтқындалды. Олардың сот отырысы 2024 жылы 27 наурыздан басталып 10 мамырға дейін жалғасып, ашық түрде өтті. 

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін айыпталған.

Талқылау