Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың қазасы: Вице-министр Бишімбаевқа қатысты істе неге үш бірдей тергеуші ауысқанын түсіндірді

Экс-министрдің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың туыстары бұған дейін істің қаралуында күдік тудыратын жайттардың бар екенін айтқан еді. Себебі оқиға орын алғалы бері үш тергеуші ауысқан. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев тергеушілердің не үшін ауысқанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сурет ресми порталдан

Марат Қожаевтың айтуынша, істі мамандар кезең-кезеңімен тексергендіктен бір-біріне өтеді екен.

"Бірінші күні оқиға орнына арнайы кезекші топ келеді. Келесі күні сотқа дейінгі тергеуді басқа маманға тапсыруы мүмкін. Оның басшылығымен бірнеше адам жұмыс істей алады", – деді бірінші орынбасар.

Оның айтуынша, қылмыстық іс бірнеше адамға қатысты қозғалған.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің соңында кімнің қандай жауапкершілікке тартылатынын білеміз", – деді ІІМ басшысының орынбасары. 

Қожаев 9 қарашада Нүкенованың денесі табылғаннан 11 қарашада жерленгенге дейін оның мәйітіне сараптама жүргізілгенін жеткізді.

"Сараптама жүргізілді. Барлық қажетті биометриялық материалдар алынды. Енді қорытындысы жасалады. Бұл бір айдың ішінде шығуы керек. Салтанат Нүкенованың нақты қай уақытта қайтыс болғанын да сот-медициналық сараптамасынан белгілі болады", – деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған едік. 11 қараша күні Павлодарда бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жары Салтанат Нүкенованы жерлеу рәсімі өтті. Жерлеуден соң марқұмның туыстары тергеуде шикіліктердің барын айтып оған үш тергеушінің ауысқанын мысал еткен болатын. 

Талқылау