Желіде Say Mo-ның сүйіктісі қызу талқыға түсті
Атышулы блогер, рэпер Say Mo оқырмандарына сүйіктісін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/say_mo__/
Блогер жақында туған күнін атап өтті. Ол сүйіктісімен бірге түскен фотоларын көрсетті. Желі қолданушылары белгісіз жігітті марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге ұқсатып жатыр.
“Мына жігіт Айтым екен”, “Салтанат Нүкенованың ағасына ұқсайды”, “Сағаттарынан тануға болады”, “Айтым болса тек қуанайықшы”, “Екеуі де ажырасқан, енді бақытты болсын”, – деп жазды оқырман қауым.
-
"Бір литр май алынды": Say Mo дене бітімін өзгертіп, ота жасады
-
"Қазақ қызына тән қылық емес": Say Mo теңіз жағасынан фото жүктеп, сынға қалды
Сондай-ақ рэпер сүйіктісінің қымбат бренд сөмке сыйлағанын да айтты.
“Өзіме таңдатқасын мен үшін ең әдемі сөмке осы болды”, – деп жазды блогер.
Еске салайық, Say Mo танымал актер Шәріп Серікпен некелесіп, көп ұзамай ажырасып кеткен еді.