Салтанат Қалиева көп балалы ана үшін жұрттан көмек сұрады
Салтанат Қалиева желідегілерді көп балалы анаға көмектесуге шақырды. Ол бұл анаға осы уақытқа дейін қол ұшын созған екен. Бұл жолы өзінің де көп балалы ана екенін тілге тиек етіп, өзгелерден көмек сұрады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Сәлеметсізбе, Салтанат ханым! Мен Шымкенттен сіз көмектескен көп балалы анамын. Айыпқа бұйырмаңыз, тағы да көмегіңіз тисе, қуанып қалар едік. Ескі киім болса да, жарай береді. Өтініш! Үш қыз, бір ұлым бар. Үлкен қызым 11 жаста, ұлым 9, қалған екі қызым 5, 3 жаста. Өзіме де болса жақсы болар еді. Жасым 36-да. Тапқанымыз тамаққа әрең жетеді. Дәл қазір кіші қызым далаға шыға алмай отыр. Аяқ киімі жоқ. Бір мейірімді жан ай сайын 10 000 теңге пәтер ақымызды төлеп беріп отыр. Керек десеңіз, астымызда төсенішіміз де жоқ. Балаларым үшін өмір сүріп келемін. Қол ұшын беруіңізді өтініп сұраймын. Алла разы болсын сізге, Салтанат ханым!» – деп жазылған хатта.
Аталған хат көпшіліктің жүрегін елжіретті. Арасында келіншекке ашуланғандар да болды. «Менің балаларымның жиналып қалған киімдері бар еді. Өкінішті, мен Астанада тұрамын. Қалай ала аласыз?», «Қыздар асық сөйлеген, өздеріңе жаман болады. Бермесеңдер де жылы сөилесеңдерші. Бүгін барсың, ертең жоқ та шығармыз. Ол Аллаға аян. Менің де Алланың берген алты балам бар. Жоқ адамға бала бағу оңай емес. Мен ол кісіні түсінемін, сенемін. Менде артығы болса, берер едім. Бірініңкін бірі киіп жатыр. Қиналғанға қол созып, көмектескен сауапты іс. Аллах саған екі есе береді. Аллах саған перзент сыйлады ма, сен сол сыйды дүниеге əкелуге міндеттісің», «Менде 1 жасқа дейін киімдер бар еді. Мен Таразда тұрамын. Пікірлерді оқыдым. Аяғы ауыр деп жазыпты. Қалай алады екен, а?», «Пойызбен не автобуспен салып жибериниз. Киім керек болса кутип алады» деп жазады олар.
Ал Салтанат Қалиева өз кезегінде келіншекке көмектесудің жолдарын ұсынды. «Маған осындай xат келген кезде жылағым кеп тұрады. Әрқайссыңызға көмектесуге ынта бар, бірақ өзімде көпбалалы анамын. Бәлкім бәріміз қосылып көмек көрсетеміз деген ниетпен жазып отырмын, қыздар. Дұрыс түсінесіз деп сенем. Бірлік бар жерде – тірлік бар емес па. Қол ұшын созам деуші мейрімді жандар мына вацапқа жазсаңыз болады: 8-707-710-60-20 раxмет. Немесе тікелей Сандуғашқа xабарлассаңыз: 8-747-990-19-76. Алла разы болсын! Әумин!» – деп жазады тележүргізуші.
Жіберіп алмаңыз:
Айқын Төлепберген өзіне берілген қымбат сыйды көрсетіп мақтанды
Ақбота Керімбекова күйеуімен бал айын өткізуге шетелге кетті
Сәкен Майғазиев: Димаштың әлем әншісі болатынын білгенде, сэлфиді өзім-ақ жасар едім
Актер Әнуар Нұрпейісов Алматыда шахмат орталығын ашты (видео)