Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева үшінші перзентін дүниеге әкелді

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева үшінші перзентін дүниеге әкелді. 30 жастағы Салтанат үшінші ұлдың анасы атанды.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сүйінші хабарды халыққа алғаш болып Мәдина Сәдуақасова жеткізді.

“Сүйінші! Салтанат қыздарыңыз үшінші ұлын дүниеге әкелді! Бауы берік болсын, Нұржан-Салтанат! Отбасыңды үлкен қуанышпен шын жүректен құттықтаймын!” – деп бөлісті Сәдуақасова Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Салтанаттың жары Нұржан жеке кәсіпкер. Оның өнер әлеміне еш қатысы жоқ болғанымен, туған әпкесі Дария Жүсіп елімізге белгілі актриса. Ол Салтанатпен бірге Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, Нұржан мен Салтанаттың Әмір және Әділ есімді қос ұлы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбит Әбдіхалықты жас актерлер “нағыз ақымақтың пікірін айтады” деп сынады

Әндерімді өзім де тыңдамаймын: Әли Оқапов “даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға жауап берді

Отандық жұлдыздар желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастады (видео)

Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)

 

Талқылау