Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева: Маған күш-қуатты балаларым береді

Салтанат Бақаева соңғы жаңалықтарын бөлісті. Ол ағымдағы жылда жеке әнші ретінде де танылмақ. Мұнымен қатар, актриса барлық жобаға қалай үлгеріп жүргенін айтты.

16790042_1479655015412352_7944929245438935040_n

Фото: instagram.com/saltanat_bakaeva/?hl=ru

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Сіз үшін 8 наурыз мерекесі несімен ерекшеленді? Кімді бірінші құттықтадыңыз?

– Мен үшін бұл мереке ең бірінші кезекте аналарға тиесілі. Сол себепті бірінші анамды құттықтаймын. Содан кейін барша Қазақстанның аруларын құттықтағым келіп отыр. Барлықтарына денсаулық тілеймін. Берік, мықты болыңыздар!  Ер адам бас болса, әйел мойын деп айтып жатады. Сондықтан әйел адамның кез келген шешімге үлкен жауапкершілікпен қарағанын қалаймын.

– Халық сізді әнші ғана емес, актриса ретінде де жақсы таниды. 2017 жылдың көктемі басталды. Алда қандай жоспарларыңыз бар? Бәлкім киноға түсіп жатқан шығарсыз?

– Өзім үшін наурыз айы өте жақсы жаңалықтардан басталып жатыр. Алла қаласа, бүгін елбасымызбен жүздесеміз. Іштей қобалжып, барынша дайындалудамыз. «Арнау» тобының да, менің жеке әндерім де жазылып жатыр. Биыл «Әгугай, құрбым» деген әнге бейнебаян түсіріп, өзімді жеке әнші ретінде таныстырмақпын. Алла қаласа, барлығы жақсы болады деген үміттемін. «Ұлым» деген әнімді соңғы кезде насихаттап жүрмін. Театрымызда да «Қыз Жібек» атты үлкен бір қойылымды қолға алдық. Ол қойылымды осы уақытқа дейін «Астана опера» қойған болатын. Дегенмен, біз де бағымызды сынап, қойып көрсек деген ойдамыз.

– Өзіңіз айтып отырған қойылымда Жібекті сомдайды екенсіз. Оған үлкен дайындық керек шығар? Осының барлығына күшті қайдан аласыз?

– Менің балаларым маған күш береді. Үйге қатты шаршап, қазір кішкене жата тұратын шығармын деген оймен барамын. Бірақ балаларымды көрген кезде, осы шаршағанымның барлығының қайда кеткенін білмеймін. Күш-қуатым артып, көңіл-күйім көтеріліп, бақытты ғұмыр кешемін.

– Кейде жұмысқа үлгере алмай жатқан кездер бола ма?

– Менде әртүрлі жағдай болып тұрады. Сол себепті кей ұсыныстан бас тартамын. Мен тек өзіме тәуелді емеспін. Театрмен, отбасыммен санасуым керек. Өзім түскен жобалар маған бұйырғаны деп білемін. Ал түспей қалсам, еш ренжімеймін. Құрметті Қазақстанның ең сұлу арулары, 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бақыт пен баянды өмір тілеймін.


Жіберіп алмаңыз:

Қарақат Әбілдина бесінші сәбиін қашан дүниеге әкелетінін айтты

Болмановтар отбасы мерекеге орай аналарға ән арнады (видео)

Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар

Есентаева “Қазақ аруы” байқауына қатысушылардың суреттерін жариялады (фото)

Талқылау