Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасымда бол": Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасымда бол: Салтанат Бақаева күйеуіне арнап бейнебаян түсірді

Танымал әнші "Қасымда бол" атты бейнебаянының тұсауын кесті. Өмірлік жары, актер Нұражан Жүсіповке арнаған туынды шетелде таспаланған. Теңіз жағасында түсірілген бейнебаян туралы өнер иесі желідегі парақшасында бөліскен болатын. 

"Тұсаукесер! Салтанат Бақаеваның "Қасымда бол" атты жаңа бейнебаянын қабыл алыңыздар! Менің жарым Нұржанға арнаған жүрек жарды тілегім", - дейді Сатанат Бақаева. 

Жарына барлық сәтте қасымнан табыл деп тілек айтқан Салтанат Бақаеваның туындысына жұрт өз бағасын берді. Олар керемет жұпсыздар деп, өнер иелеріне бақытты да баянды  ғұмыр тілескен. 

"Күшті жұпсыздар ғой. Маған қатты ұнайсыздар", "Салтанат ханым, сіз өз жарыңызбен айтқан өлеңдеріңіз өте күшті", "Жолдасыңыз мəңгі қасыңыздан табылсын. Бақытты болыңыздар", "Нәзігім сол, Алла бақтарыңды баянды етсін", -  деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау